Бейсенбі, 02 мамыр, 20:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Оқушылар адамшошырлық жатақханада оқуға мәжбүр

21.09.2023

404 0

Фото: Almaty.tv

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ата-аналары балалары оқитын мектепке шағымданды, – деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Әл-ауқаты әлсіз елдің балаларындай білім алып отырған оқушылар Сарыбұлақ ауылындағы жалғыз мектепте оқиды. 1931 жылы тұрғын жай есебінде салынған ғимарат қазір дене шынықтыру залына айналған. Зал деген аты болмаса мұндағы сабақ тоғызқұмалақ ойнаудан әрі аспайды. Қараңғы қапас, бір бөлме.

Мектепте 290 бала 2 ауысыммен, 3 ғимаратқа бөлініп сабақ оқиды. Күн бұзылса, төбесін су тесіп, қабырғасынан сыз өтетін мектепті мұғалімдер жөндеп жүр екен.  Олардың айтуынша, алда қыс, ал күні бойы суық кабинетте отыру – балаға қиын, мұғалімге қиямет.

«Пешіміз үнемі дұрыс жұмыс істемейді. Қыстың ортасында жарылады. Бұрын терезелерді мақтамен бекітетінбіз. Әлі күнге дейін ортасына мақта салып, шегелеп жүрміз», – деді Сарыбұлақ ауылының тұрғыны Кемал Дәрібаева.

«Бұл мектеп те емес, жатақхана ретінде салынған. Кейін мектепке бейімдеп берді. Біздің мектепте не асхана жоқ, не спортзал жоқ. Әжетхананың суы ақпайды, желдеткіш орнатылмаған», – деді Сарыбұлақ ауылының тұрғыны Ержан Жақабаев.

Азаматтар жағдайды жауаптыларға талай айтқан. Бірақ нәтиже жоқ. Ауыл тұрғындары «ертең мектеп опырылып ортасына түссе, амалын тауып кетеді» деп ашынып отыр.

«Он әкім болды, бәрі уәде берді. Біреуі де орындаған жоқ. Өткенде «Қаражотаға емес, Сарыбұлаққа мектеп салынады» деп қазық қағып кеткен. Бізді алдап отыр ма?» – деді Сарыбұлақ ауылының тұрғыны Серік Шібеков.

Апат жағдайында тұрғанына қарамастан, міндетін адал атқарып, бала оқытып отырған ұстаздар былтыр 16 түлектің он бірі білім грантына ие болғанын айтады. Мектеп оқушылары спортзал жоғына қарамастан, спорттық сайыстарда да ауданның алдында келеді екен.

«Біздің ғимаратымыз от жағатын орыннан алыс орналасқан. Оның үстіне терезелер ескі, суық ұрады, жылынбайды. Биыл бөлінген 13 тонна солярка бүгін келеді деген, күтіп отырмыз», – деді Сарыбұлақ орта мектебінің директоры Мадина Асқарова

Алматы облысының білім басқармасы дәл осы ауылда 300 орындық жаңа мектептің салынатынын хабарлаған еді. «2023 жылы құрылысы басталды» делінген құжат әлеуметтік желіге де жарияланыпты. Ал кейін жаңа мектеп үшін жер қарастырылған, мамандар келген. Бірақ ауылда оқу ордасы салынбайтын болыпты.

«2024 жылға облыстық білім басқармасына білім бөлімі тарапынынан 280 орындық мектептің жобалық-сметалау құжатына өтінім бердік. Ол келген жағдайда, келесі 2024 жылы қаражат бөлінсе, 2025-2026 жылдары Сарыбұлақ ауылына 280 орындық мектеп құрылысы жоспарланды», – деді Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрғалымов.

Ал шенеуніктер мектептің жайы алдағы 3 жылда шешілетінін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: