Жұма, 03 мамыр, 09:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда оқушылардың ас мәзіріне өзгерістер енгізіледі

23.10.2023

451 0

Қазақстан мектептерінде оқушылардың ас мәзіріне өзгерістер енгізіледі, – деп хабарлайды Massaget.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елімізде әзірленген жаңа модель мектепте тамақтану мәдениетін қалыптастырудың кезеңдік іс-шаралар кешенін қамтиды. Пилоттық жоба Астана қаласының алты мектебінде жүзеге асырылып отыр. Бұл модель Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп құрылған.

Бірінші кезеңде мектептегі тамақтануды ұйымдастыруды бағалау және талдау мақсатында балалардың мектеп асханасындағы мінез-құлқының үлгілерін байқап зерттеу, антропометриялық көрсеткіштерді өлшеу (бойы, салмағы) және дұрыс тамақтану қағидаттарын білуге сауалнама жүргізіледі.

Екіншісінде – салауатты өмір салты саласындағы білім мен тәжірибені байыту үшін жеткізушілерді, мектеп персоналын, оқушыларды және олардың ата-аналарын оқыту ұйымдастырылады.

Үшінші кезең балалардың дұрыс тамақтануына және физиологиялық қажеттіліктерін есепке алуға баса назар аудара отырып, оқушылардың тамақтануын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды үйлестіруді білдіреді.

Төртінші кезеңде балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған мектепте тамақтанудың жаңа моделін әзірлеу көзделіп отыр. Бұл үдеріс денсаулықты сақтауға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында үйлестірілген тәсілді қамтамасыз етпек.

Соңғы кезең – енгізілген өзгерістердің мониторингі және тиімділігін бағалау.

Айта кетейік, бұған дейін Министрлік тамақтануды ұйымдастырудың қауіпсіз жағдайларына әсер ететін критерийлерді зерттеген болатын. Соған сәйкес Ұлттық дәстүрлерге және өңірде өндірілетін отандық өнімдердің ассортиментіне сәйкес мәзір әзірленді.

Биыл 1 қыркүйектен бастап алғаш рет 1,6 миллионан астам оқушы, оның ішінде 1,4 миллионнан аса бастауыш сынып оқушылары және 220 мың ХӘОТ санатындағы 5-11 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: