Бейсенбі, 02 мамыр, 18:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің делегациясымен кездесу өтті

18.04.2023

704 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінен келген делегация мүшелерімен кездесті.

 Жүздесуде оқу орнының басшысы бауырлас елдер арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталып, білім саласындағы байланыс нығая түскенін атап өтті.  Жуырда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бірнеше өзбекстандық жоғары оқу орнымен бірлесіп мамандар даярлау туралы келісім жасаған болатын.

Өз кезегінде «Адам және жануарлар физиологиясы» кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Болта Кахоров, доцент, биология ғылымдарының кандидаты Гулчехра Джаббарова бірлескен білім беру бағдарламаларының маңыздылығын атап өтіп, жаңа жобалар туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өтетін дәрістерге М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің магистранты Соибжан Бахронов пен студент Барчинай Давлетова қатысып, өз тәжірибесімен бөлісетін болады.

Айта кету керек, өзбекстандық ғалымдар 17-19 сәуір аралығында «Биология» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына дәріс өткізіп, ғылым айлығына орай «Биология, география және химия» кафедрасында өтетін іс-шараларға қатысады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: