Дүйсенбі, 07 қазан, 06:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 200-ДЕН АСТАМ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ ЕЛБАСЫ АКАДЕМИЯСЫНДА БІЛІМ АЛУДА

18.02.2021

1383 0

Қызылорда облысының оқушылары «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысқаннан кейін дарынды балаларға арналған мектептер мен Birge Oqý онлайн-мектебінде білім алуға мүмкіндік алды.

Birge Oqý онлайн-мектебінде барлығы екі мың оқушы оқиды. Сабақты елордалық лицейлер мен мамандандырылған мектептердің үздік мұғалімдері жүргізеді. Онлайн-мектеп Қазақстанның барлық оқушыларынан сапалы білім алуға көмектесетін «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының сұранысқа ие танымал жобасына айналды.

Академияның басқарушы директоры Ануар Жанғозиннің айтуынша, жоба қалалар мен ауылдардағы оқушылар арасындағы білім беру теңсіздігін қысқартуға бағытталған.Онлайн мектепте алтыншы және жетінші сынып оқушылары оқи алады, өйткені дәл осы кезеңде олардың пәндік білімге белсенділігі артады. Айта кету керек, жоба аясында қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен ұзақ уақыт бойы пысықтау жұмыстары жүргізілді.

«Өткен жылдың сәуір айында біз онлайн-оқытуды қалай жүргізу керектігі туралы үлкен талдау жұмыстарын жүргіздік. Ол барлық оқушылар қашықтан білім алуға мәжбүр болып, қиындықтарға тап болған кезең болатын. Мұғалімдер, балалар мен ата–аналардвң басым бөлігі білім алу процесінің бір сәтте өзгеріске ұшырауына дайын болмай шықты. Біз қашықтан оқыту сапасы тақырыбында 100-ден астам тікелей эфир өткіздік, нәтижелерді талдадық, барлық тілектерді ескердік және онлайн – мектеп құрдық», – деді Ануар Жанғозин.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн-мектепте оқыту тегін жүргізіледі. Сабақты еліміздің жетекші педагогтары – НЗМ, РФММ, астаналық лицейлер мен халықаралық мектептердің 70-тен астам оқытушысы өткізеді. Жоба іске қосылған сәттен бастап математика, ағылшын, қазақ және орыс тілдері бойынша 40 мыңнан астам сағат оқыту өткізілді. Мектепте сондай-ақ, тьюторлардың қызметі де қарастырылған. Олар оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін бақылайтын, түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізетін консультанттардың рөлін атқарады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: