Дүйсенбі, 04 наурыз, 16:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2028)
02.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада полицейлер «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді

01.09.2021

426 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері қала орталығында орналасқан №136 Т.Жүргенов атындағы мектептің бастауыш сынып оқушыларына «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.

Аталған акцияның әлеуметтік және қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, көмекке мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы балаларға көмек көрсетілді.

Акция аясында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы ұжымының атынан кадр саясаты бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Садыбеков Мақсат балаларға тілектерін айтып, оқуда сәттілік тілеп, алдағы уақытта да осындай мұқтаж балаларды есепке алып үнемі көмектесіп отыруға дайын екендіктерін айтып, балаларға арнайы дайындалған оқуға қажетті сөмкеге салынған құрал-саймандарын табыстады.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: