Сенбі, 07 желтоқсан, 21:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық оқушылардың қолөнер бұйымдары арнайы көрмеге қойылды

23.03.2022

1148 0

Наурыз думан аясында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Атадан балаға мұра» атты облыстық қолөнер байқауының көрмесі ұйымдастырылып, шеберлердің өнімдері көптің назарына ұсынылды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жас қолөнершілердің қолынан шыққан бұйымдарды көріп, жергілікті ісмерлердің туындыларын жоғары бағалады.

Қолөнершілер бисерден тоқылған, оюлы кестемен өрнектелген туындылар мен ұлттық аспаптар, ағаш бұйымдарының бірнеше түрін әзірлеген. Мектеп оқушылары түрлі стильдегі бейнелер негізінде әр өнімге ұлттық нақыш беруді мақсат тұтқан.

Байқауға 60-тан астам шебер қатысып, 21 қолөнерші үздік деп танылды. Бас жүлде «Бегім ай» өнер орталығындағы қолөнер үйірмесінің оқушысы Толысбай Нұрайға бұйырды.

Қызылордалық оқушылардың қолөнер бұйымдары арнайы көрмеге қойылды
Қызылордалық оқушылардың қолөнер бұйымдары арнайы көрмеге қойылды
Қызылордалық оқушылардың қолөнер бұйымдары арнайы көрмеге қойылды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: