Жексенбі, 24 қараша, 09:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық зияткерлер ғылым көкжиегін бағындыруда

10.04.2023

470 0

Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауында Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары алтын және қоладан медаль тақты.
19 секция бойынша өткізілген додаға 718 жоба ұсынылды. Сырбойылық өрендер жаратылыстану-математикалық бағытта зерттеушілік жұмыстары мен бірегей өнертабыстарын ұсынды. Жүлделі бірінші орын иеленген 12-сынып оқушысы Жанар Сабихан (жетекшілері: Жеңісбек Жалмұрзаев пен Сәкен Сүлейменов) көлік кинетикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіру арқылы қаланы жарықтандыру мәселесін қарастырды. Ал векторлық әдіс арқылы онлайн тақтаның қаламсап құралының жазу сапасын жетілдіруді ұсынған 10-сынып оқушысы Бекжан Бектұрған (жетекшісі: Нұрбол Уақбаев) үшінші орынмен марапатталды.

11-сынып оқушысы Еңлік Мұратбек пен Назгүл Ыдырыс (жетекшісі: Әділжан Науан ) ойлап тапқан егін алқаптарының өнімділігін бақылау және өнім көлемін болжау жүйе егіншілердің жұмысын оңтайландырып, өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты да әділқазылар алқасы жоғары бағалап, арнайы Грамотамен марапаттады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: