Сенбі, 18 сәуiр, 18:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2240)
18.04.2026
PDF мұрағаты

Жұмыс беруші қызметкердің жарақаты жөнінде цифрлық жүйеге хабарлауға міндетті

18.04.2026

46 0

Коллаж: Kazinform / Freepik / Pexels

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшыларды өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын бекіту туралы мәліметті жолдау қағидаларына өзгерістер енгізді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Құжат бойынша бекітілген міндетті сақтандыру шарттары туралы деректерді жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға автоматтандырылған форматта – мәліметтерді деректер базасынан «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» цифрлық жүйесіне жолдау арқылы жібереді.

Бұл жүйе мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеру нәтижелерін есепке алуды, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуді автоматтандыруға арналған.

Сондай-ақ жұмыс берушілер жазатайым оқиға туралы актіні «Электрондық еңбек биржасы» цифрлық порталы арқылы жібереді. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы жеке кабинетті тіркеу қажет.

Жеке кабинетте жұмыс беруші актіні электронды түрде (сканерленген көшірме) орналастырады, электронды цифрлық қолтаңбамен бекітеді және еңбекті қорғау жүйесіне жолдайды.

Жазатайым оқиғаларды тіркеуді және есепке алуды жұмыс берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады. Мәліметтер жүйеге акті түскен сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.

Атап айтқанда, жұмыспен байланысты барлық жазатайым оқиғалар есепке алынады.

Бұл бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден күшіне енеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: