Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан өткен республикалық турнир мәресіне жетті. Үш күнге созылған тартысты додада еліміздің 20 өңірінен келген командалар өзара мықтыны анықтады.
Қызылорда облысының намысын қорғаған инженерлік бағыттағы №290 «Келешек» мектебінің құрамасы жоғары деңгейде ойын көрсетіп, жүлделі екінші орынды иеленді. Команданың жетістігімен қатар, мектеп оқушысы Нұрасыл Базарбек шеберлігімен дараланып, турнирдің «Үздік қорғаушысы» номинациясына ие болды.
Жас спортшылардың бұл жеңісі – қажырлы еңбек пен жаттықтырушылар Дәулетхан Қожбан мен Жомарт Садықовтың жүйелі дайындығының жемісі. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров қатысып, жас аяқдопшылардың қадамына сәттілік тіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!