Инженерлік бағыттағы №290 «Келешек» мектебінің мақтанышы, Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының тәрбиеленушісі Дильназ Айтжан халықаралық аренада айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Ол 2026 жылдың 7-14 сәуірі аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өткен пара пауэрлифтингтен Азия-Мұхит аймағы чемпионатында ел намысын абыроймен қорғады.
Жасөспірімдер арасында 67 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшы қыз жоғары дайындығын көрсетті. Дильназ жеке көтеру жаттығуы бойынша күміс жүлдегер атанса, жалпы ұпай санының қорытындысымен алтыннан алқа тағынып, Азия чемпионы атанды.
Бұл жарқын жеңіс спортшының табандылығы мен жүйелі жаттығуының, сондай-ақ оның жаттықтырушысы Кабира Асқарованың кәсіби біліктілігінің жемісі. Дильназдың бұл жетістігі мектептің ғана емес, Қызылорда қаласы мен бүкіл Қазақстанның спорт саласындағы мерейін үстем етті.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!