Жұма, 29 наурыз, 11:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сыр зияткері Елбасы медалімен наградталды

22.03.2021

1629 0

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Дильназ Төлеуова жастарды кешенді дамытуға бағытталған «Елбасы медалі» ұлттық жобасының қола жүлдегері атанды.

Жеңіске жету үшін дарынды жас 6 ай бойы спорт және дене шынықтыру, дарындар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік бағыттары бойынша қабілеттерін шыңдады. Арнайы берілген тапсырмаларды орындап, мыңдаған жас қазақстандықтармен бірге өз-өзін дамыта білді.

— Бұл жобадан көп тәжірибе жинадым. Дене шынықтырудың маңызын, қазақ әдебиетінің қызық екеніне тағы да көз жеткіздім және жеке дисциплина мен қабілеттерімді шыңдадым. Өзге адамдармен араласып, коммуникативтік дағдыларымды дамыттым. Сонымен қатар, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге, қоғамның өзекті проблемаларын шешуге үйрендім, — дейді Елбасы медалінің иегері.

«Елбасы медалі» — 14-29 жас аралығындағы жастарға арналған бірегей ұлттық бағдарлама. Оның қатысушылары өз уақытын тиімді пайдаланып, алдына мақсат қоюға, салауатты өмір салтын ұстануға және бойындағы жан-жақты дағдыларды өздігінен дамытуға үйренеді. Өткен жылы жобаға 11 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның 3,5 мыңға жуығы алтын, күміс, қола деңгейін сәтті қорғап шықты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: