Жексенбі, 19 мамыр, 07:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Тіс саулығы – тән саулығы

17.09.2023

451 0

Қазақстан стоматологтар ассоциациясы және «Colgate» компаниясы, Қызылорда қалалық орталық емханасына қарасты стоматология бөлімі қала мектептерінде «Өмір бойы жарқыраған күлкі» тақырыбында акциясын өткізді. Ұйымдастырушылар бастауыш сыныптарының оқушыларына тіс пастасы мен тіс щеткасын таратты.

Қазір баланың тісі ауырса, жаныңды қоярға жер таппайсың. Қандай дәрі көмектеседі екен деп безектеп, қолда бар дәрі-дәрмекті пайдаланып, әбігерге түсесің. Мұндай жағдайда тіс дәрігеріне жүгіну қажет екенін білсек те, уақыт өте тістің ауырғаны қойған соң бұл жайды ұмытып та кетесің.
Негізінен, тіс ауруын тудыратын оның қандай да бір дертке шалдығуымен байланыстырады. Көбі­не кездесетіні тіс кариесі. Ас-ауқаттан соң ауыз қуысын сумен шайып, ас қалдықтарынан тазарту осы аурудың алдын алады. Ал, тіс күтімінің ең негізгісі оның дұрыс тазалануында, – дейді дәрігерлер.

Ең бастысы баланың тәттіге құмарлығы болғанымен, ауыз қуысын әр тамақтанудан соң тазалауын ата-анасы қадағаласа, балаңыздың тісі сап-сау болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: