Сенбі, 27 сәуiр, 01:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Үкімет мектеп оқушыларын Wi-Fi және планшеттермен қамтамасыз ететін болды

01.11.2022

503 0

Қазақстандық мектеп оқушылары сымсыз интернет пен планшетпен қамтамасыз етілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Мектептегі Wi-Fi желісінің ресми талаптары 2023 жылдың соңына дейін бекітіледі деп жоспарлануда. Осы уақытқа дейін әкімдіктер мектептерді жергілікті желімен қамтамасыз етуі керек.

Цифрлық министрлік кем дегенде 200 құрылғыны бір уақытта қосуды қамтамасыз ететін қосу нүктесін ұсынып отыр. Сонымен қоса байланыс операторларымен бірлесе отырып, мектептер үшін бірыңғай байланыс орталығын құруды жоспарлауда.

Бұдан бөлек министрлік 2023 жылы бірінші сыныпқа баратын 400 мыңнан астам оқушыны планшетпен қамтамасыз етуді ұсынуда. Цифрлық даму министрлігінің жоспарына сәйкес, мемлекет осы көлемдегі құрылғылардың барлығын бірден сатып алмайды, бірақ сервистік үлгіні қолданады: келісімшартты төрт жылға «ұзартады», оның барысында планшетті алған оқушылардың көпшілігі бастауыш сыныпты аяқтайды.

«Мұндай модельді телефондар мен планшеттерді халыққа және бизнеске сату кезінде байланыс операторлары белсенді түрде қолданады. Планшеттерді жалға алумен қатар, мектеп оқушыларын арнайы тарифпен мобильді интернетпен қамтамасыз ету, сондай-ақ планшеттерге сервистік қызмет көрсету қызметтері қоса сатып алынады», – деп атап өтті Бағдат Мусин.

Бір айта кетерлігі, мемлекет отандық өндірушіден планшеттер сатып алуды көздеп отыр, ол үшін 2023 жылдан бастап құрастыру зауытын ұйымдастыру ұсынылады. Планшеттерге қойылатын талаптар мен оқушыларға олардан кіруге тыйым салынбаған сайттардың тізімі («ақ интернет») қараша айының ортасына қарай бекітіледі.

Бұл ретте мемлекет планшеттерді тікелей сатып алмайды. Мемлекеттік мекеме планшеттерді SIM-карталармен қамтамасыз ететін байланыс операторларымен келісім-шарттар жасайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: