Бейсенбі, 02 мамыр, 13:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ұстаз атындағы кабинет ашылды

24.10.2023

536 0

Республика күніне орай 100 жылдан астам тарихы бар Қ.Мұхаммеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда білім саласында еңбегі сіңген Омашева Ақпейшен ұстаздың атындағы математика кабинеті ашылды. Шараға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы және мектеп ардегерлері, Омашева Ақпейшен апайдың туыстары қатысты.

– Омашева Ақпейшен саналы ғұмырын білім саласына арнаған парасат-пайымы мол, өз мамандығын ерекше құрметтей білген, туған жеріне адал қызмет еткен ұстаз. Білім саласында еңбегі сіңген «Қазақ ССР-нің халық ағатру ісінің озығы» Омашева Ақпейшен апайдың тағылымы терең өмірін, өшпес ізін атқарған ұлағатты жұмыстарын келешек жас ұрпаққа таныстыру мақсатында арнайы кабинеттің ашып отырмыз. Бұл кабинеттен талай шәкірт білім алып, биіктен көрінеді деген сенімдеміз, – деді бөлім басшысы.

Шарада ұлағатты ұстаздың әріптестері мен туыстары естеліктермен бөлісті. Мектеп шәкірттері өнерлерін көрсетіп, ән шырқады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: