Дүйсенбі, 13 мамыр, 05:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет

03.10.2023

500 0


Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан азаматтарға білім беретін М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің зейнеткерлікке шыққан мұғалімі, өндірістік оқыту шебері Аймурзаев Берік Жетпісәліұлын мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлы құрметті демалысқа шыққан қуанышты күнімен құттықтау адресаты мен өз атынан алғыс хат табыстады.
«Адам – өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәні де, сәні де, мағналы да мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Ұстазымыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айтқын белгісі. Сізді еңбегіңіз еленіп, құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын. Білім беру саласында атқарған қызметіңіз бен төккен теріңіз көпке үлгі. Артыңыздан із салып келе жатқан әріптестеріңізге айтар ақылыңыз – жарқын болашаққа бағдар деп білеміз. Адал қызмет атқара отырып, абыройлы зейнетке шығу нәтижелі іс. Ендігі сол еңбегіңіздің зейнетін көріңіз», – деді мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлы.
Білім саласына өмірін арнаған ұстаз үшін бұл құттықтау қуаныш сыйлағанын атап өтті.
«Еткен еңбектің еленгені – үлкен қуаныш. «Қызмет» деген белестен өтіп, «құрметті демалыс» деген белеске де жеттік. Ұстаздық ету – адамтану, адамның күрделі де қызықты шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. «Елге еңбегіңмен сыйлысың» дегендей, құрметтеп келіп жатқаныңызға алғысым шексіз»,-деді ұстаз Берік Жетпісәліұлы.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: