Бейсенбі, 02 мамыр, 12:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Зияткер шәкірт «Іbars»-та

03.04.2024

446 0

Сыр елінің топырағынан талай талант пен небір дүлдүлдер түлеген. Қасиет тұнған қойнауынан аты әлемге әйгілі Қорқыт бабадан бастап, батыр Жанқожа мен Бұқарбай, ғұлама Тұрмағанбет, ақын Әбділдә мен Нартай, Әбдіжәміл мен Қалтай, көмейіне бұлбұл ұялаған Роза мен Мәдиналар қанатын қомдаған. Қазіргі жас таланттар да сол ұлылардың ізін жалғап, Сыр елінің мәртебесін асқақтатып келеді.

Арамызда жас болса да, қарым-қабілетімен биіктерді бағындырып, көпке танылып жүрген жас өрендер аз емес. Солардың бірі Қызылорда қаласының тумасы, жас талант – Айсана Айдосқызы. Айсана бала кезінен өте зерек, жан-жақты, өнерге де ерекше ықыласты болып өсті. Білімге жаны құштар, көпшіл әрі ақылдылығымен ортада ерекшеленіп тұрады. Жақында ғана Айсана өзінің алғырлығының арқасында балаларға арналған басты телевизиялық арна «Балапанның» жас зияткерлер бағдарламасы «IBARS»-та арнайы қонақ болды.

Қызылорда қаласындағы ағылшын тілі тереңдетілген «YOUR ENGLISH SCNOOL» бастауыш мектебінің мектеп алды даярлық тобында оқып жүрген ол мәнерлеп оқуға ерекше қызығушылық танытқан. Осы қабілетінің арқасында телевизиялық шоу кастингіне қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен бақ сынаған 710 баланың ішінен топ жарды. Бағдарламаға қатысып, бүгінде қанжығасына арнайы алғыс хат пен ерекше сәтті еншілеп қайтты.

– Бағдарламаға қатысу маған ерекше қуаныш сыйлады. Арнайы студияда, өзім секілді оқушылардың қатысуымен білім додасына түстік. Түрлі сұрақтар қойылып, оларға біз жауап бердік. Қызықты ойындар, суретті сұрақтар қойылып, тартысты ойын көрсеттік, – дейді Айсана бізге берген сұхбатында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: