Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Әлем көз тіккен «Qazvac»

09.12.2021

902 0

Отандық «Qazvac» вакцинасына әлем бойынша сұраныс артты. Қазіргі кезде жер-жаһанның сан түрлі мемлекетінен оны өндіру жөнінде ұсыныс келіп түсті. Соның бірі Швейцария Конфедерациясы тарапынан жасалды. Бұл мемлекет отандық екпені мемлекеттік деңгейде тіркеп, әрі қарай Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдеріне тасымалдауды жоспарлауда.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Швейцария сапары аясында белгілі болды. Оңтүстік Африка елдерінде қайта ушыққан вирус Еуропаны тағы қыспаққа алды. Шетелдер карантиндік шараларын қатаңдатып, Африкамен қатынасты уақытша үзе бастады. «Омикрон» штамының жұқпалы екені белгілі. Енді вакциналардың онымен күресте қаншалықты әлеуетті екенін білу міндеті тұр. Осы мәселені анықтамақ ниетте ғалымдармен қатар бірқатар әлемдік саясаткер Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының штаб пәтеріне жиналды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау жүйесіндегі екі маңызды – алғашқы медициналық көмек пен денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен халықты жаппай қамту бағыттарын біріктіру туралы ұсыныс айтты.

– Біз 2022 жылдың ортасына қарай жаһандық вакциналауды қамтамасыз ету жөніндегі ДДСҰ-ның COVID-19 індетіне қарсы стратегиясын толық қолдаймыз. Жиында көтерілген маңызды мәселенің бірі – отандық «Qazvac» вакцинасын Швейцарияда тіркеу. Бұл – кемі жарты жылда іске асырылатын шаруа. Әзірге екі тарап  меморандумға қол қойдық. Келешекте швейцариялық компания қазақстандық екпені осы жерде өндіріп, Оңтүстік Америка, Африка, Еуропа елдеріне тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл келісімнің екі елге де берері мол, – деді Президент. 

Сонымен қатар Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяның айтуынша, біздің еліміз М3 групп деген швейцариялық компаниямен келісім-шартқа отырған. Алдағы уақытта қазақстандық алғашқы «Qazvac» вакцинасын бола­шақ­та осы Швейцарияда тіркеп, Еуропаға, Африкаға және Оңтүстік Америкаға шығару мақсатында жұмысты бірге атқармақ. Ал «M3 GROUPE» холдингінің президенті Абдалла Шатила «Qazvac» вакцинасының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан тіркеуден өткенін күтіп отырғанын жеткізді. Тіркеуден өткен бойда іске кіріспек.

Қазір біздің ғалымдар «Qazvac»-пен бірге, вакцинаның жаңа түрін шығарып жатыр. Бүгінде екінші «QazCoVac-P» вакцинасы клиникалық зерттеулер фазасына кандидат ретінде тіркелді. Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына «QazVac» екпесінің әзірленуі және оның жаңа «Дельта» штамына қарсы сәтті модификацияланғаны жөнінде айтты. Осылайша қазақстандық вакцина өзінің тиімділігін елімізде ғана емес, Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінде дәлелдеді.

Ақмарал ОЛЖАБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: