2026 жылғы наурызда Қазақстан аумағында ресми дилерлер 17 099 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатқан, – деп хабарлайды kursiv.media
Бұл туралы «Қазақстанның Автокөлік Одағы» хабарлады.
Бұл өткен жылдың наурызымен салыстырғанда 12,9%-ға төмен. Үш айдың қорытындысы бойынша 44 757 автокөлік сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға азайды.
Топ-10
Наурыз айында ең көп сатылған брендтер рейтингінде бірінші орынды Hyundai тұр.
3 192 көлік сатылып, (былтырғы наурызбен салыстырғанда -28,3%) көш бастады.
Екінші орында Kia – 2 317 (+9,3%).
Үшінші орынды Chevrolet (2 142 ; -21,8%) алды.
Көктемнің алғашқы айында саудасы қызған бренд – Changan. Дилерлер 1 766 (+151,2%) автомобильдің кілтін тапсырған.
Одан бөлек тізімге Chery (1 270; -5,9%), Haval (1 227.; -4,6%), Jetour (850; -37,6%), Toyota (581 .; -32,6%), Jac (451.; -57,9%) және Geely (428 ; -58,1%) енді.
Ең танымал модельдер
Наурыз қорытындысы бойынша ең танымал модельдер арасында Chevrolet Cobalt (1 965) көш бастады
Екінші орында Hyundai Tucson (1 516 ), үшінші орын Kia Sportage (841 ) кроссоверіне бұйырды.
Changan CS55 Plus осымен екі ай қатарынан төртінші орыннан көрініп отыр (798 ). Haval Jolion (683 ) мен Chery Tiggo 7 (565) одан кейін тұр.
Жетінші сатыға Hyundai Elantra (561 ) тұрақтаса, ізін ала Changan CS35 Max (513) келеді. Тізімді Hyundai Mufasa (440) мен Kia Soluto (416) түйіндеді. Барлық модель Қазақстан аумағында жасалады.
Бірінші тоқсан нәтижесі
Бірінші тоқсандағы нәтиже бойынша әдеттегідей Hyundai (8 658 ; -25,8%) ешкімге дес берер емес. Екінші орында тұрған Kia (7 493; +52,8%) оған жақындап қалды.
Үздік үштікке тағы Chevrolet (6 629 (+10,3%) кірді. Сондай-ақ тізімде Chery – 3 320 бірл. (+7,2%), Changan – 3 231 (+98,2%), Haval – 2 308 (-10,5%), Jetour – 2 258 (-27,2%), Jac – 1 491 (-38,4%), Toyota – 1 266 (-41,2%) және Geely – 1 181 (-51,6%) бар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
