Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы балаларға екпе егу туралы айтты. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Оның айтуынша, елде балаларға салатын вакциналар жоқ.
– Біз балалардың екпе алуына мүмкіндік беруіміз керек. Әзірге нақты күнді атай алмаймыз. Бірақ қазірдің өзінде көптеген ата-аналар балаларына екпе егуді сұрайды, өкінішке қарай, әзірге Қазақстанда мұндай вакцина жоқ. Мүмкіндік болса, біз мұны қамтамасыз етеміз, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ брифингінде.
Министр балаларға екпе салу ерікті түрде, ата-аналарының таңдау құқығымен болатынын баса айтты.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар Қазақстанда Pfizer-мен вакциналауды бастауға болатындығын айтқан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!