Сенбі, 04 мамыр, 00:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Балық және балық өнімдерін пайдалануға байланысты туындайтын аурулардың алдын алу қажет

15.05.2023

657 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті паразитозбен ауыру қаупін азайту мақсатында балық және балық өнімдерін өңдеу ережелерін сақтаудың маңыздылығына назар аудару қажеттігін еске салады. Балық және балық өнімдерінде паразиттер болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Соның бірі – описторхоз.


Описторхоз-бұл адамның ұйқы безін, өт жолдарын және бауырын  зақымдайтын  табиғи-ошақтық, құрт ауруы. Паразит адам ағзасында  ондаған жылдар бойы өмір сүреді. Ұзак уақыт адам ағзасында паразиттік өмір сүретін описторхтар бауыр обырын тудыруы мүмкін.


Адам ағзасына паразиттің балаңқұрттары шикі немесе жеткіліксіз қақталған, сүрленген, пісірілген, қуырылған тұқы(карп) тұқымдастарына жататын  балықтарды жегенде  түседі.Адам ағзасында 1 айдан кейін описторхистың балаңқұрттары ересек құртқа айналып,қоршаған ортаға жұмыртқа  бөле бастайды.  Адамның нәжісі арқылы паразиттің жұмыртқалары қоршаған ортаға таралады, топырақтан  жауын суымен суайдындарына түседі.Құрттың жұмыртқалары алдымен судағы моллюскаларда өсіп, дамиды да  кішкене балаңқұрттар пайда болады, олар тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтардың ағзасына түсіп,   ересек  балаңқұрттарға айналады.


Аурудың жасырын кезеңі  описторхистың  балаңқұрттары адам  ағзасына түскеннен кейін 2-4 аптаға созылады. Науқастың оң жақ қабырғасының асты, бұлшық еттері мен  буындары ауырады, жүрегі айнып, басы ауырады, ыстығы 37- 38° градусқа дейін көтеріледі, теріде бөрткендер, есекжем, ісік пайда болады, яғни ешқандай себепсіз пайда болып немесе жоқ болып кететін  аллергия  дамиды,   суыққа да  аллергия пайда болады.Асқазан-ішек жолдары қызметінің  бұзылуы, қаназдылық,  аурудың соңғы  кезеңінде созылмалы холецистит, панкреатит, гастродуоденит белгілері  байқалады, ауыр асқынуларға – ішектің түйілуі жатады. Описторхозда ешқандай ауру белгілерінің байқалмай бірден бауыр обырыныңпайдаболуы мүмкін. Клиникалық-диагностикалық зертханаларда науқастың нәжісін микроскоппен қарау арқылы  описторхистың жұмыртқаларын  анықтауға болады.


Описторхоз ауруының алдын алу үшін қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесідей сақтық шараларын ұсынады:

  • Шикі және жеткілікті тұздалмаған, пісірілмеген балықтарды жеуге болмайды.
  • Балық толық қуырылып, пісірілуі үшін кішкене тілімдерге бөліп, термиялық өңдеуден ұзақ уақыт өткізу қажет.
  • Шикі балықты дайындаған кезде  бөлек  пышақ, тәрелке, тақтайша пайдалану  қажет.
  • Сатуға рұқсат етілмеген жерлерден балық алмаған дұрыс.
  • Өзен жағалауларын нәжіспен ластамау қажет.

Әлия Әбдіқайымова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: