Бейсенбі, 28 қараша, 16:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Фортификацияланған ұн туралы не  білу қажет?

23.02.2023

1127 0

Күнделікті тағам рационын нан өнімдерінсіз елестету қиын. Қазір сауда сөрелерінде нанның саналуан түрі сатылымда, тұтынушыға кең таңдау берілген. Бірақ солардың ішінде адам ағзасына ең пайдалысы – фортификацияланған ұннан жасалған нан өнімдері. Себебі мұндай ұн денсаулықты қалыпты ұстап тұру үшін қажетті түрлі минералдармен, дәрумендермен байытылған.


Қазақстан Республикасының аумағында өткізу үшін өндірілетін нан пісіруге арналған жоғары және бірінші сортты бидай ұны құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа да заттармен міндетті түрде байытуға жатады.


Технологиялық өңдеу кезінде көптеген азық-түлік өзінің құнарлылығын азайтады. Бұларды қайта қалпына келтірудің бір жолы – ұнды дәрумендермен және микроэлементтермен байыту. Күнделікті қолданыстағы тағам болғандықтан адам ағзасына аса қажет темір, фолий қышқылы және дәрумендерді ұнға қосу тиімді.


Фортификация – өнімді ұнтақтау кезінде дәрумендер мен минералдардың аз мөлшерде қосылуы, бұл азықтың сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады, жоғалған дәрумендер мен минералдар қалпына келтіріледі.


Ұнды фортификациялау «Бірінші және жоғарғы сұрыпты ұнды байытуды бақылауды күшейту туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 06.04.2011ж. № 70 қаулысының талаптарына сай жүргізіледі.


Қызылорда облысы көлемінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен нан және нан өнімдерін шығаратын 49 нысан есепке алынған, оның 9-ы кондитерлік өнімдерді дайындаумен айналысады.


2022 жылы мамандар зертханалық әдістерді пайдалана отырып, тәуекел дәрежесін бағалаудың ерекше тәртібі бойынша 2 наубайхана, 2 кремдік-кондитерлік өнімдерін өндіру цехтарын тексерді. Аталған нысандар ұндардың қауіпсіздігін растайтын құжаттармен, ұнды дұрыс сақтауға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген. Тексеру барысында патогенді микрофлораға 30 шайынды, патогенді стафилококк таяқшасын анықтауға 40 шайынды және 27 тағам үлгісі алынды, сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Тексеру нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша 8 әкімшілік шара көріліп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі 3 нұсқама берілді.


Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде 29 ұн сынамасы алынып, Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалының радиологиялық, жоғары технологиялық зертханаларына жолданып, цезийге, афлотоксин, В1, В6, В12 дәрумендеріне тексерілді, сәйкессіздік анықталған жоқ. Сонымен қатар таңбалануына, органолептикаға, ылғалдыққа, кілегейлігіне, металл-магниттік қоспаларға, кадмийге, қорғасынға, зиянкестермен ластануына тексеріліп, таңбалану бойынша 1 сәйкессіздік анықталды. Анықталған сәйкессіздік бойынша дүкен сөрелерінен алып тастау туралы санитариялық ұйғарым берілді.


Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды ұн сатып алу кезінде оның фортификацияланғанына назар аудару қажеттігін еске салады. Себебі ағзаға қажетті дәрумен-минералдармен байытылған тағам түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: