Жұма, 26 сәуiр, 17:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ана мен бала өмірін сақтау – басты назарда

04.05.2023

761 0

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңыңда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы аймақтағы ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен өңірдегі туу көрсеткіші бойынша брифинг өткізді.

Брифингтегі ақпараттарға тоқталсақ.
— Ана мен бала денсаулығын сақтау денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Өңірімізде туу жасында 177 мыңнан астам әйел және 320 мыңнан астам бала тұрады.
Әйелдер мен балаларға білікті медициналық көмек көрсету үшін өңірімізде 26 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысандары (оның ішінде 14 жеке), 8 перзентхана, оның ішінде облыстық перинаталды орталық, сонымен қатар, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жұмыс атқарады.

— Өңірде биылғы жылдың 3 ай қорытындысымен аймағымызда 4777 нәресте дүниеге келді.

— Облыс көлемінде босандыру ұйымдарында барлығы 101 акушер-гинеколог жұмыс істейді. Олардың 53 пайызы оперативті техниканы меңгерген мамандар.

— Қазіргі таңда босандыру ұйымдарының медициналық жабдықтармен қамтылуы – 84 пайызды құраса, балалар стационарларының медициналық құралдармен жабдықталуы – 82 пайыз. Бұл көрсеткішті одан әрі жоғарылату мақсатында «Әр азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде арнайы қаржы бөлініп, медициналық ұйымдардың толық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жарақтандырылуын жоғарылататын боламыз.

— Сондай-ақ, биыл «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасына 274 квота берілді. Оның бүгінгі күнге дейін 137-і игерілді.

— Бүгінгі күні өңірімізде облыстық перинаталдық орталығының жүктемесін азайту мақсатында көпбейінді облыстық ауруханасының жанынан 70 төсектік перинаталдық орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде.

— 2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес, 200 төсектік перинаталдық орталық салу мәселесі пысықталуда, нысан құрылысына 3,7 га жер учаскесі бөлінді.

— Сонымен қатар қалалық балалар ауруханасын облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының Астана көшесі, № 1Б мекен-жайда орналасқан ғимаратында құру жоспарланып отыр.

— «Қамқорлық» корпоративті қорымен қаржыландырылатын мүгедек балаларға арналған оңалту орталықтарының санын көбейту шеңберінде облысымызда Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы базасында балаларға арналған оңалту орталығы 2022 жылы қаңтар айында ашылып, жұмыс жасауда. Орталықта бүгінгі күнге дейін 2240 бала ем алды.
Қазіргі таңда Арал, Қазалы аудандарының балаларына арналған тағы бір «Қамқорлық» оңалту орталығын ашу мақсатында «Арал ауданаралық ауруханаға» қарасты Жеңіс алаңы №9 мекен-жайындағы А.Байтұрсынов ғимаратын реконструкциялау жоспарланып, сметалық жобасының құжаттары дайындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: