Сәрсенбі, 13 қараша, 01:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық ғалым қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап шығарды

23.01.2024

569 0

Сурет: stan.kz

Қазақстандық ғалымдар қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапты. Бұл жөнінде ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдың айтуынша, қатерлі ісікке қарсы дәріні отандасымыз, биотехнолог Дос Сарбасов ойлап тапқан.  Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы бұл препараттың әлемде теңдесі жоқ екенін атап өтті. 

«Дос Сарбасов Техас онкологиялық университетінің Андерсон зертханасында ұзақ уақыт жұмыс істеді. Ол жасушалық тамақтануға маманданған. Ол қатерлі ісік жасушаларының қоректік процесін бұзудың жолын таба алды. Бұл онкологиялық аурулармен күресудің инновациялық тәсілі», – деді Саясат Нұрбек үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министр сөзінше, аталған инновациялық дәріні ең алдымен қояндар мен тышқандарға сынаған. Содан кейін онкология және радиология университетінде қатерлі ісікке шалдыққан 15 науқас тестілеудің бірінші кезеңінен өткен.

“Олар қатерлі ісікпен ауыратын адамдар. Алғашқы нәтижелер қабылданып, қорытындыланады. Келесі жылдың ішінде нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз», – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: