Сейсенбі, 11 ақпан, 06:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10,2123
08.02.2025
PDF мұрағаты

Қорқор пайдаланылатын орындарға қойылатын санитариялық талаптар қандай?

10.02.2025

63 0

Сурет: https://felix-shop.com

Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда, мәдени-спорттық іс-шаралар өтетін жерлерде қорқорды пайдалануға тыйым салынған. Дегенмен соңғы уақытта тамақтану орындарында, түнгі клубтар мен барларда бұл өнім заңнамалық талаптарды сақтаусыз ашық пайдаланылуда. Кей тұрғындар қорқорды пайдалануға қойылатын талаптардан бейхабар.
Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды жабдықтауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-246/2020 бұйрығымен бекітілген. Осы құжатқа сәйкес темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындар темекі бұйымдарын тұтыну процесінде бөлінетін ластанудың көрші үй-жайларға енуіне кедергі келтіретін есікпен немесе осыған ұқсас құрылғымен жабдықталған жеке үй-жайларда орналастырады. Оларды кабиналар түрінде орналастыруға жол беріледі.
Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындардың сыртқы жағында көрінетін жерлерде «Темекі бұйымдарын тұтынуға арналған орын» деген жазба немесе белгі орналастырылады және ол жерде сусындарды және тамақты ішуге жол берілмейді.
Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындар:
1) темекі бұйымдарын тұтыну процесінде бөлінетін ластануларды ассимиляциялауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ ластанған ауаның жапсарлас үй-жайларға енуіне кедергі келтіретін механикалық іске қосылатын ішке сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйесі бар жабық үй-жайларда желдетудің жалпы сыртқа тарату жүйесінен бөлек;
2) күлсалғыштармен және (немесе) темекі тұқылдарды жинауға арналған арнайы урналармен және өрт сөндіргіштермен жабдықталады. Темекі тұқылдары мен сіріңкелерді сөндіруді қамтамасыз ету мақсатында урналарды құммен және басқа да жанбайтын сіңіргіш материалдармен толтыруға жол беріледі;
3) үй-жайда темекі түтінінен және (немесе) иісінен арылуға мүмкіндік беретін құралдарды орналастыруға жол беріледі.
Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарда жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті ылғалды жинау жүргізілуі керек. Урналар мен күлсалғыштар күн сайын және толуына қарай темекі тұқылдардан және қоқыстан босатылады, жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күнделікті жуылады.
Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындар темекі шекпейтіндердің темекі бұйымдарын тұтыну процесінде бөлінетін ластанумен байланысын болдырмау мақсатында санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардан оқшауланады.
Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарда көрінетін жерлерде жазбалар және (немесе) пиктограммалар түрінде темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы, сусындар, тамақты, қорқорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұтынуға тыйым салынатыны туралы ақпарат орналастырылады, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтынудың зияны туралы ақпараттық материал ұсынылады. Қорқор көп жағдайда топтық пайдаланылатындықтан бірнеше адаммен ортақ қолдану кезінде түрлі жұқпалы ауруларды: гепатит, герпес, туберкулез, менингит және т.б. жұқтыру қаупі арта түседі. Сондай-ақ жасы 21-ге толмағандарға қорқор сатылмайды. Мұндай норма жаңадан қабылданған денсаулық сақтау кодексіне енгізілген.
Қорқордың адам денсаулығына зияны мен оны қоғамдық орындарда пайдалану тәртібі, белгіленген санитариялық қағидалармен қатар оларды бұзған жағдайдағы жауапкершілік мәселелері туралы тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында ақпарттық түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Қорқорды пайдалану ережелері сақталмаған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшысының міндетін атқарушы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: