Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: Жаңа қаулы шықты

29.03.2021

1360 0

2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанынан бастап:

– контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат беріледі;

– білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі;-тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтарда) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат беріледі;

-тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде: жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныптан бастап 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-сыныптан бастап 7-сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытылады; -оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытылады.

Бұл ретте бір сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқытылуы тиіс, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимі орындалуы қажет.Бұл өзгерістер ағымдағы жылдың 29 наурызынан бастап күшіне енеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: