Жұма, 05 маусым, 11:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 (2253)
02.06.2026
PDF мұрағаты

Жалағаш ауданының негізгі көрсеткіштері талқыланды

05.06.2026

44 0

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, М.Шәменов, Қаракеткен, Аққұм ауылдарының тұрғындарымен және аудан активімен кездесті.

Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, бағдарланған ауқымды жобалар талқыланды. Қаракеткен ауылында іске қосылған «Харвест Агро» агроиндустриалды кластерінің алғашқы кезеңі – аудан экономикасына айрықша серпін беретін жоба.

Аймақ басшысы аудан әкімдігіне қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды, инвестицияның басқа да көздерін іздестіруді, салық базасын ұлғайтуды тапсырды.

Шаруашылық құрылымдарымен бірге каналдарды бетондау жобаларын әзірлеу, оларды тез арада қаржыландыруға ұсыну, суды аз қажет ететін дақылдар көлемін ұлғайту да назардан тыс қалмауы тиіс.

Соңғы төрт жылда Жалағаш ауданында 192 пәтер салынды. Салаға жетекшілік жасайтын аудан әкімінің орынбасары, құрылыс бөлімінің басшысы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің сапасын қатаң бақылауы керек. Жалағаш ауданында газдандыру деңгейі 53 пайыз, Қаракеткен және Бұқарбай батыр ауылдарына газ тарту жобасы әзірленген, Аққұм және Мәдениет бағытындағы ауылдарға жоба дайындауға демеушілерді тарту тапсырылды.

Мәжілісте электр желілеріндегі апатты болдырмаудың жедел шараларын қабылдау, тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару мәселелері де талқыланып, тиісті тапсырма берілді.

Аймақ басшысы «Руханият» орталығында ауданның белсенді жастарымен кездесіп, олардың тың жобалары таныстырылды.

Жалағаш ауданында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 120,0 пайызға орындалып, 12 млрд 269 млн теңгенің өнімі өндірілді. Ал инвестиция көлемі 8 млрд 290 млн теңге болып, есепті кезеңмен салыстырғанда 122,7 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы саласында да өсім байқалады. Нақтырақ айтсақ, биыл жалағаштық шаруалар 42 178 гектарға егін екті, күріш көлемі 16 800 гектар. Ауданда 2 531 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 97,3 пайызы тұрақты жұмыс істейді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: