Сенбі, 04 мамыр, 01:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылшаның алдын алу маңызды

15.01.2024

291 0

Қызылша  – жоғары қызба, терідегі бөртпе, жалпы интоксикация белгілерімен қоса, жұтқыншақтың шырышты қабатының, конъюнктиваның және тыныс алу жүйелерінің қабыну- зақымдалуымен көрінетін өте жұқпалы жедел вирусты инфекция.

Қызылша – ауа тамшылы жолмен тез тарайды. Қызылшаға екпе алмаған адам науқаспен қысқа уақытта байланыста болса да жұқтыру қаупі өте жоғары. Бұл вирус ауа арқылы тез таралуына байланысты, науқас адаммен тікелей байланыста болмасаңыз да, инфекцияны жұқтыру науқаспен бір бөлмеде аз уақытта болудың өзі жеткілікті.

Қызылша 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Ересектерде қызылша ауруы балаларға қарағанда ауыр түрде өтеді. Көктемгі-қысқы кезеңде аурудың өршуі байқалады. Аурудан соң, қанда қызылшаға қарсы антиденелер түзіліп, иммунитет сақталады.Жаңа туған сәбилерде қызылшаға қарсы иммунитет қалыптасуы үшін аналардың да уақытылы вакцина алғандығы маңызды.

Қызылша белгілері:

Ауру бөртпе пайда болып басталмайды. Қызылшаның алғашқы белгілері жедел респираторлы вирусты инфекция белгілеріне өте ұқсас. Дене қызуы 38-40 градусқа көтерілу, әлсіздік, тәбет тартпау, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, сонымен қатар коньюктивит-көзі қызарып қабыну пайда болады. Қызылша ауруына тән алғашқы белгі – азу тістердің түбіндегі дақтарды көруге болады. Олар вирустың шырышты қабығын зақымдауына байланысты пайда болып, ақ түсті дақтардың қызыл ісінген шекарамен қоршалған тәрізді көрінеді. Осы негізде қызылшаны басқа ұқсас көріністері бар аурулардан ажырата білу қажет. Аурудың 3-5 күні бөртпелер айқын дақ түрінде қаптап, тері қабатында кезеңмен көбейіп кетеді. Бірінші күні құлақтың түбінен, маңдай, беттен басталып, ары қарай жоғарыдан төменге бүкіл денесіне тарайды. Ұсақ қызғылт дақтар үлкейіп, бір-бірімен қосылып, формасы өзгереді. Бөртпе пайда болып, 2-3 күн бойы дақтар өршіп тұрған кезде дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бөртпе 4-7 күн тұрады, біртіндеп жоғарыдан төмен қарай жоғалған соң, орнында қоңырлау дақтар қалып, екі аптадан соң тері тазарады.

Алдын алу шаралары:

Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – екпе (вакцина). Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпе бала 1 жаста, екінші екпе бала 6 жаста болғанда жүргізіледі. Екпе алмаған жағдайда жұқтыру қаупі өте жоғары екенін тағы да ескертеміз. Былтыр қызылшаны жұқтыру деректерінің көптеп тіркелуіне байланысты белгілі бір контингенттер арасында қосымша жаппай иммундау басталған болатын. 2023 жылдың 06 қарашасынан бастау алған иммундау барысында бүгінгі күні 60846 адам екпе алды. Осы вакциналаудың ықпалымен бүгінгі күні қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып келеді.Жыл басынан бері облыс көлемінде қызылша жұқтырудың 69 дерегі тіркелді. Бүгінгі таңда аймақ емханаларында қызылшаға қарсы иммундау жалғасып жатыр. Егер балаңыз егілмеген болса, дәрігердің қарап-тексеруінен кейін тиісті екпелерді алуға кеңес береміз.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: