Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Вакцинадан кейін қызу көтеріліп, дене қалтырауы мүмкін – дәрігер не дейді?

02.02.2021

1492 0

Вакцина салдырғаннан кейінгі болатын жанама белгілерінің ішінде тұмаурату да бар. 

«Первый канал» эфирінде Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас терапеві, терапия және профилактикалық медицина Ұлттық медициналық зерттеу орталығының директоры Оксана Драпкина баяндады, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Маманның айтуы бойынша, вакцина алғаннан кейін, адам ағзасына оның жанама әсері тек қана бір күн ішінде ғана білінеді.

«Күдіктенудің қажеті жоқ, одан да мынаны бақылау керек. Тұмауға ұқсас белгілер мен өзіңді тұмауратқандай сезінуің мүмкін. Әлсіздік, аздап ауырсыну, ұйқы қысу, ұйқышылдық, дене қызуы қысқа уақытқа көтерілуі мүмкін. Ол кезде сәл   дененің қалтырауы да болады. Көбіне 38-ге дейін, ал 38-ден жоғары немесе сәл төмен болып, өзіңді нашар сезінсең парацетамол ішуге кеңес береміз», – деп түсіндірді Драпкина.

Вакцинадан кейінгі осындай жағдайлар орын алса, уайымдап шу шығарудың қажеті жоқ екенін де атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: