Жексенбі, 28 сәуiр, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Үйлі болғандар көбейеді

06.12.2022

531 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жыл аяғында баспаналы болатындар қатары артады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, жыл аяғында 7 мыңнан астам азамат сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспанаға қол жеткізеді. Бір баспанам болса екен деп армандаған жандар үшін мұндай жағымды жаңалықты Парламент Сенатында өткен үкімет сағатында индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтып, елдегі тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндады.

Вице-министрдің айтуынша, осы жылдың 10 айында ел аумағында 11,7 млн шаршы метр тұрғын үй салынған. Нәтижесінде 7 мыңнан астам азамат сатып алу құқығынсыз жалға бе­рілетін баспанамен қамтылмақ. Сондай-ақ «Отбасы банкі» арқылы өңірлерде кезекте тұрғандарға арналып, 9,8 мың несиеге берілетін тұрғын үй салынуда. Мұнан бөлек үй кезегінде тұрған 6,1 мың адамға 2 пайыздық мөлшерлемемен және кезек күткен 7,8 мың азаматқа 5 пайыздық мөлшерлемемен несие қаражатын ұсыну арқылы жеке­меншік тұрғын үй қорында жалға берілетін пәтердің тұрғын үй төлемдерін өтеу көзделген. Вице-министрдің айтуынша, халықты баспанамен қамту мақсатында түрлі шаралар қабылданып жатқанымен жылдан-жылға баспанаға мұқтаж жандар қатары артып келеді. «Қазір әкімдіктерде кезекте тұрғандар саны 623 мыңға жетіп, оның ішінде 400 мыңнан астамы – әлеуметтік осал топ санатындағылар. Жыл сайын кезек 50 мың адамға ұлғайып келеді. Тұрғын үй кезегіне тұрғандар санының көбеюі бюджетке айтарлықтай сал­мақ түсіріп, әлеуметтік тұрғын үй салу мен осы бағытта жеңілдетілген несиелеуді арттыру үшін қомақты инвестицияларды талап етіп отыр. Осыған байланысты министрлік тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірлеп, қазір ол Парламент мәжі­лісінде қаралып жатыр. Аталған реформаның аясында есепке алу және кезекке қою жөніндегі тәсілдерді өзгертіп, сондай-ақ табыстың көле­міне қарай мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру көзделген, – деді вице-министр.

Жаңа ереже бойынша жергілікті әкімдікте кезекте тұрғандарға қа­тысты мәліметті «Отбасы» банкіне беру қарастырылған. Нәтижесінде жаңадан құрылған тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының ба­засына қандай да бір санатқа қарамастан кейінгі 10 жылда бас­панаға мұқтаж барлық азамат есепке алынады. Осы мақсатта тиісті орган отбасылардың цифрлы картасын және Smart Data Ukimet ақпараттық жүйесін пайдаланып, кезекте тұр­ғандардың табысын, несиесін, жыл­жымайтын мүлікке талдау жүргізу бойынша жұмыс жүргізуді қолға алмақ.

Тұрғын үй саясатын дамытуда­ғы тағы бір маңызды бағыт – ауылдық жерлердегі баспана құрылысын ынталандыру тетігі саналады. Са­лынған тұрғын үй пайдалануға берілген соң жұмыс берушілердің шығындарын баспана алаңының 50 пайыз көлеміне байланысты суб­сидиялау көзделіп отыр. Жыл­жымайтын мүлік 5 жылдық еңбек шарты бар қызметкерлерге берілмек.

Бір сөзбен айтқанда, халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етудің тың тетіктері қарастырылуда. Әйтпесе, ай сайын өзгерген тұрғын үй нарығындағы баға қарапайым халықтың тұрғын үйге қол жеткізуін қиындата түсті. Халықтың баспанаға қол жеткізуі үшін мемлекет қолдауы маңызды.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: