Сенбі, 27 сәуiр, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Биыл 1-сыныптар үшін сабақ жаңа форматта басталады – министрлік

26.08.2022

827 0

ҚазАқпарат – Қыркүйек-қазан айлары аралығында бірінші сынып оқушылары 35 минуттан оқиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2-11 (12) сыныптардағы сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші сыныптарда оқу уақыты сатылы режимде енгізіледі. Яғни, қыркүйек айында бірінші сынып оқушылары – 35 минуттан үш сабақ оқитын болады. Ал қазан айынан бастап 45 минуттан білім алады – санитариялық қағидаларға сәйкес, сабақ уақытында дене шынықтыру және көзге арналған гимнастика жаттығулары жасалады», – деп жеткізді министрліктің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, биыл мектеп ғимаратын шарлармен безендіруге рұқсат етілмейтіні мәлім етілген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: