Сенбі, 27 сәуiр, 16:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Ерекше балалар мәселесі мәслихат қарауында

16.06.2023

377 0

Маусым айындағы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында «Қызылорда қаласында мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» мәселесі негізгі мәселе ретінде қаралады.

Осыған орай, қалалық мәслихат депутаттары балаларға медициналық, әлеуметтік, педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының жұмысымен танысып, Ұлттық балаларды оңалту орталығына қарасты «University Medical Center» корпоративтік қорының Қызылорда филиалы мәжіліс залында сала мамандарының қатысуымен күн тәртібіндегі мәселені талқылады. Қазіргі таңда, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жанындағы «Қамқорлық» оңалту орталығы 2 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға ем жүргізеді. Орталық ерекше балаларды оңалтудың жүйелі және кешенді тәсілін көздейтін халықаралық модель бойынша жұмыс істейді. Депутаттар аралау барысында №278 мектеп жанындағы Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (ППТК) жұмысымен танысты. Қызылорда қаласында ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету, олардың жалпы білім беру немесе арнайы білім беру ұйымдарында білім алу бағдарламасы түрін анықтау, мүмкіндіктері шектеулі балалардың есебін жүргізу, олардың арнайы түзету, оңалту және әлеуметтік қызметке мұқтаждығын анықтау мақсатында 2 психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультация және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (әрі қарай: ППТК №278, 12 мектепте орналасқан) жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Талсуат ауылындағы Оңалту орталығы ғимаратында Ұлттық балаларды оңалту орталығына қарасты «University Medical Center» корпоративтік қорының Қызылорда филиалы жұмыс жасайды. Орталық жұмысының негізгі бағыты 1 – 18 жас аралығындағы жүйке жүйесінің ауруларымен науқастанған балаларға кешенді мамандандырылған, медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік салада баланы қоғамда толыққанды өмір суруге бейімдеуге арналған оңалту көмегін көрсету болып табылады. Аталған іс-шараға қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев, депутаттар, қала әкімінің орынбасары Ж.Сейілов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары М.Мирзанова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Ибраева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ш.Жүнісова, облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкілі, «Альтаир бөбек» қоғамдық қорының төрайымы Ж.Ұзақбаева, «Қызылорда облысының мүгедектер қоғамы» төрағасы С. Қуанышбайұлы, Ұлттық Оңалту орталығына қарасты «University Medical Center» корпоративтік қорының Қызылорда филиалының директоры Г.Айтымбетова қатысып, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді. Отырыста көтерілген ұсыныстар мен пікірлер биылғы жылдың 20 маусымында өтетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына шығарылатын болады.Талқылау отырысына мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы мәселесіне орай құрылған уақытша комиссия жетекшісі, депутат А.Мұсабаева төрағалық етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: