Сенбі, 07 желтоқсан, 23:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Су жүйелері жаңғыртылуда: сапасы қалай?

23.08.2022

1061 0

Қаладғы ауыз су мен кәріз жүйелерінің мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жаз басталса су машақаты одан сайын артады. Ол проблеманы шешу үшін де бірқатар жұмыс атқарылуда. Біз бұл жұмыспен Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстағы департаменті ұйымдастырған баспасөз турында таныстық.

Кәсіпорынның активтерін жаңалау, қолдау, қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының және табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінің бірлескен бұйрығымен «Қызылорда су жүйесі» мекемесіне 2020-2024 жылдарға 423,16 млн теңге инвестициялық бағдарлама бекітілген. Қазіргі таңда бұл қаражатқа 1,3 шақырым ауыз су және 1,1 шақырым кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және техникалық қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде су жүйесінің тозығы 19-дан 18 процентке азайса, кәріз жүйесінің тозығы 20-дан 19 процентке кеміген.

Атап айтқанда, өткен жылы ауыз су жүйесіне байланысты Жаппасбай батыр көшесіндегі бақылау құдығынан Қорқыт ата көшесіне дейінгі ауыз су құбырына күрделі жөндеу, Дүйсенов көшесінде №69 тұрғын үйдің ауыз су құбырына күрделі жөндеу секілді бірқатар жұмыс атқарылған. Одан бөлек І көтеру сорғы станциясының ұңғымалық сорғы жабдықтары ауыстырылған.

Қаладағы кәріз жүйесі бойынша Скатков-Шүкіров қиылысындағы кәріз құдығынан №14 «Универсам» КНС қабылдау құдығына дейінгі Д-400 мм өздігінен ағатын кәріз жүйесі, Панфилов көшесінде орналасқан КК-4 №28 «Шұғыла» КСС-ке дейін өздігінен ағатын кәріз жүйесін және Тасбөгеттегі Амангелді көшесіндегі КК-1-ден КК-2-ге дейінгі Д-225 мм өздігінен ағатын кәріз жүйесі күрделі жөндеуден өткен. Одан бөлек Мұратбаев көшесіндегі өздігінен ағатын коллектор, Әуелбеков көшесіндегі №56, №58 және №64, Әуелбеков көшесіндегі №25, №34 тұрғын үйінен Сүлейменов көшесіндегі кәріз құдығына дейін өздігінен ағатын кәріз жүйесі күрделі жөндеуден өтті.

Қазіргі кезде жаңғырту жұмыстары жүріп жатқан көшенің бірі – Қыдыров-Романов көшелерінің қиылысы. Мұнда №12 канализациялық сорғы станциясын ашып-жабу камерасына дейін екі желілі қысымды кәріз жүйесі қайта жаңартылуда. Аталған жұмысты «Механизатор-К» серіктестігі жүргізуде. Одан бөлек бұл серіктестік Желтоқсан, М.Әуезов, Бостандық көшесіндегі ауыз су жүйесін жаңартуда.

Ал «Корпорация Әлем-Құрылыс» серіктестігі Бөкейхан көшесіндегі су құдығынан бастап Төле би, Е.Көшербаев, Баймағанбетов көшелерінің қиылысындағы су құдығына дейінгі Жеңіс көшесінің ауызсу жүйесінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Мұндағы жұмыстар жылдың соңына дейін, желтоқсанда аяқталуы тиіс.

− 2022 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 210 млн теңгеге 2,9 шақырым ауыз су жүйелерін және 1 кәріз жүйесін күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған. Қазір тендерлік жұмыстар жүруде.  Қаладағы ауыз су және кәріз жүйелерінің сапасын жақсарту мақсатында бұл жұмыстар жалғасын табады, − дейді табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаменті басшысының орынбасары Ғалым Тойлыбек.

Биыл республикалық және облыстық бюджеттен «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы насос стансасы мен 7 ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның жалпы құны 1 млрд 119 мың теңгені құрады. Жалпы шаһарда 18 шақырым ауыз су және 5,5 шақырым кәріз жүйелері ауыстырылады. Аталған жұмыстар қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша атқарылуда.

− Жалпы қаладағы ауыз су жүйесінің 18 проценті тозығы жеткен, ал кәріз жүйесінің бұл көрсеткіш 19 процентті құрайды. Биылғы жұмыстар аяқталса, біздің жоспар бойынша, бұл көрсеткіштер тағы да 4-5 процентке азаюы керек. Биыл инвест бағдарлама бойынша 210 млн теңгенің жұмыстары атқарылуы тиіс. Алайда нарық ахуалына және қажетті құралдардың жоқ болуына байланысты мемлекеттік сатып алудағы мердігерлер жұмыс жүргізуден бас тартуда. Соған байланысты министрлік пен департаментке біздің тарапымыздан ұсыныс дайындалуда. Ұсыныс бойынша біз бөлінген қаражат сомасын өзгертусіз, бірақ жұмыс жүргізілуі тиіс нысандарды ауыстырмақпыз. Егер ұсыныс қолдау тапса мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жұмыс жүргізіледі, − дейді «Қызылорда су жүйесі» КММ басшысының орынбасары Нұрлан Өтепов.

   А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: