Бейсенбі, 11 тамыз, 08:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63 (1868)
09.08.2022
PDF мұрағаты

Вице-министр ауылдық жерлердегі интернеттің неге нашар екенін түсіндірді

05.08.2022

348 0

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек ауыл аймақтардағы интернет сапасының не себепті төмен екенін түсіндірді, – деп хабарлайды BAQ.KZ.

Былтыр мобильдік  интернет сапасына қатысты 532 шағым түсті. Ал біздің елде 26 млн түрлі смартфон, бірнеше компьютері бар желі қолданушылары бар. Статистикаға қарап, интернет сапасына қатысты 532 шағымның аз екенін көреміз. Жалпы, шағым барлық аймақта бар. Біз бірқатар өңірдің географиялық орналасуының күрделі екендігін түсінуіміз қажет. Ондай өңірлер – Қарағанды, Ұлытау облыстары, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлері. Жер бедері күрделі болған кезде операторларға интернеттің қолданыстағы технологияларын жеткізу өте қиын. Сондықтан ол жерлерге интернет спутник арқылы беріледі, – деді  Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

Вице-министрдің айтуынша,  спутниктен берілген интернеттің сапасы төмен болады.

Бүгінде мұндай мыңнан астам локация бар.  Бұл локацияларда негеостанционарлы спутниктік технологияны пайдалану арқылы қамти аламыз. Бұл технологияның трафик сапасы біршама жақсы. Жалпы, ол тұрғыны 200 адамнан аспайтын шағын елді мекендерді сапасы жақсы интернетпен қамту үшін жеткілікті, – деді Асхат Оразбек. 

Тағы да оқыңыз: