Сейсенбі, 07 мамыр, 15:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

20 жыл ішінде алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді

28.07.2023

738 0

Сингапурда 20 жыл ішінде алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

45 жастағы Сингапур азаматшасы Саридеви Джамани 2018 жылы 30 грамм (1,06 унция) героин сатқаны үшін кінәлі деп танылды. 

Сингапурда әлемдегі есірткіге қатысты ең қатал заңдар сақталған. Сингапур билігі мұндай заңдар қоғамды қорғау үшін қажет болады деп санайды.

Сингапур заңы 500 грамнан астам каннабис немесе 15 грамм героин сату кезінде ұсталған кез келген адамға өлім жазасын тағайындайды. Сингапурдың Орталық есірткі бюросы (CNB) 2018 жылы 6 шілдеде өлім жазасына кесілген Саридевиге заңға сәйкес «толық тиісті процесс» берілгенін айтты.

Қаланың жоғарғы соты өткен жылдың 6 қазанында оның үкіміне қатысты шағымды қанағаттандырмады. Билік өкілдерінің айтуынша, президенттің өзі мұндай әрекеттерге кешіріммен қарамайтын көрінеді. 

Ағымдағы жылдың сәуір айында Тангаражу Суппиах есімді тағы бір сингапурлық 1 кг (35 унция) қарасора саудасы үшін өлім жазасына кесілді. Билік оның сатуды ұялы телефоны арқылы үйлестіргенін айтты.

Британдық миллиардер сэр Ричард Брэнсон Сингапурды өлім жазасын тағайындағаны үшін сынға алып, өлім жазасы қылмысқа тосқауыл болмайтынын айтты. 

«Шағын есірткі сатушылар көмекке мұқтаж. Өйткені олардың көпшілігінің жағдайлары адам шошырлық», – деді Брэнсон.

Сингапурда орналасқан Transformative Justice Collective адвокаттық тобының дерегіне сәйкес Саридеви Сингапурда өлім жазасына кесілген екінші әйел. Бірінші, 2004 жылы шаштараз Йен Мэй Воен есімді әйел өлім жасазына кесілген. Ол да есірткі саудасы үшін сотталған.

Жергілікті БАҚ Саридевидің сот кезінде куәлік еткенін, ол ораза айында өз үйінде героин сақтап, тұтынушыларға сатқанын хабарлады.

Айта кетейік, әлем бойынша Қытай, Иран, Сауд Арабиясы және Сингапур елдерінде есірткіге байланысты өлім жазасы тағайындаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: