Дүйсенбі, 06 мамыр, 11:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

3Д принтермен шығарылған үйлер сатылуда

11.09.2023

286 0

Жапонияда Serendix стартапы 3D арқылы шағын үйлерді басып шығаруды бастады. Мұндай үйдің ауданы кішігірім пәтермен бірдей, екі күнге жетпейтін уақыт ішінде жасалады және оның құны қатардағы автокөлік бағасымен шамалас, деп хабарлайды  4pda.to басылымы.

Аумағы 50 шаршы метрлік үй 44,5 сағат ішінде жасалып, 37 мың долларға сатылады екен. 3D-принтерде басып шығарылған Fujitsubo үйінде бір жатын бөлме, бір жуынатын бөлме және асүймен біріккен ашық қонақ бөлмесі бар. Жапония денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес, мұндай үйде жалғыз адам немесе жас жұбайлар тұра алады, бірақ техникалық тұрғыда одан да көп адам сыяды.

«40 жыл бұрын өндіріс процесіне роботтарды пайдаланатын инновация пайда болып, автомобиль өнеркәсібінде баға төмендей бастады. Біз 3D-принтерге басып шығарылған үй – тұрғынүй саласын толықтай роботтандырудың бастамасы деп ойлаймыз», – делінген Serendix мәлімдемесінде.
Қазір компания өз үйлерін салуға бес принтер пайдаланады, бірақ 2024 жылы тағы 12 принтерді қосып, жылына 850-ге жуық үй салуды жоспарлап отыр. Негізінен үй салуға бос орындар бар шағын қалаларға басымдық беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: