Сәрсенбі, 22 мамыр, 03:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Apple компаниясы iPhone 15 смартфондарының қызып кететінін мойындады

02.10.2023

421 0

iPhone 15 гаджетін алғаш сынап көрген пайдаланушылар сериядағы барлық телефонның қызып кетуіне шағымдана бастады. Жұртшылықтың айтуынша, тіпті кейбір жағдайларда смартфонның температурасы 42-48 градусқа дейін жетеді екен. Осыған орай Apple компаниясы ақауды мойындап, қатені түзетуге уәде берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 4PDA порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы мәлімдемеде Apple iPhone 15 үлгілерінің қызып кетуінің үш себебі бар екенін мойындады. Біріншісі, пайдаланудың алғашқы бірнеше күнінде iOS пайдаланушының параметрлері мен деректерін фондық режимде қалпына келтіреді. Бұл процессорды әдеттегіден көп жұмыс істеуге мәжбүр етеді.

Екінші себеп – жүйені шамадан тыс жүктейтін бағдарламалар. Оларға Instagram, Asphalt 9 және Uber кіреді. Компания әзірлеушілерге бұл мәселені шешуге және тиісті жаңартуларды шығаруға көмектесетінін айтты.

Үшіншісі – iOS 17-де қызып кету мәселесін күшейтетін қателік бар. Бірақ компания оның не екенін ашып айтпады.

Apple қазірдің өзінде түзетумен жұмыс істеп жатқаны белгілі – мәселе келесі ОЖ жаңартуларының бірінде шешіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: