Жексенбі, 28 сәуiр, 12:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

АҚШ-Қытай: Шиеленіс артты

30.07.2022

1089 0

Америка мен Қытай арасындағы шиеленіс артып келеді. Трамп билік еткен тұста ушыққан ахуал бүгінде жақсара қойған жоқ. Тайваньді тәуелсіздігінен айыру мен қалдыру текетіресі әлі де күн тәртібінде. Қытай қыспаққа алса, АҚШ азат етіп қалдырғысы-ақ келеді. Осы ретте Америка палатасының спикері Нэнси Пелоси өз еркімен Тайваньға іс-сапарға баруға өтініш бергенінде Қытаймен қырғи-қабақ басталды.

Байден бейсенбіде Си Цзинпиньмен кезекті рет телефон арқылы байланысты. Бұл байланыстың маңызы зор еді. Екі президенттің не туралы сөйлескені және алдағы оқиғаның ықтимал желісі туралы CNN арнасында Кевин Липтак «АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы шиеле­ніскен тұста Байден Си Цзиньпинге хабарласты» атты мақаласында жазды.

Президент Джо Байден өткен жылы қызметіне кіріскен уақытта қытайлық әріптесімен алғаш рет сөйлесті. Ол кезде АҚШ президенті екі ел арасындағы әлемдегі ең маңызды қарым-қатынасты тұрақтандыруға болатын бай­ланыс орнатады деп үміттенген еді.

17 айдан кейін АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас соңғы онжылдықтағы ең нашар деңгейге жетті. Палата спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары Бейжіңнің ескертуіне және Байден әкімшілігінің шие­леністің қақтығысқа ұласуына жол бермеу үшін күш салуына әкелді.

Байден Си Цзиньпинмен соңғы байланысын бейсенбі күні сағат 8:33-те бастаған. Бұл олардың 2021 жылдың ақпанынан бергі бесінші байланысы деп хабарлады «Ақ үй». Екі ел арасында Тайвань төңірегіндегі шиеленістен бастап, экономикалық бәсекелестік пен Украинадағы соғысқа дейін бірқатар тақырып көтерілуі мүмкін.

Бірақ Бейжіңмен қарым-қатынас жақсаратынына сену қиын. Оның орнына, Байденнің көмекшілері Қытай прези­дентімен жеке байланысты сақтау қақтығысқа әкелуі мүмкін қателіктерден құтқарады деп үміттенеді.

Байденнің Қытай президентімен телефон арқылы сөйлесуі «Пелоси шуына» дейін жоспарланған еді. Байден сондай-ақ инфляцияны төмендету үшін Қытайға Трамп дәуірінде қойылған кейбір тарифтерді алып тастау керек­тігін ойластыруда. Алайда АҚШ шенеуніктері оның әлі шешім қабылдамағанын хабарлады.

Оның орнына қазір Байден Қытайдың Тайвань мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі агрессиясын азайтуға арнап отыр. Себебі АҚШ Қытаймен ашық байланыс ор­натпаса түсініспеушілік қақтығысқа ұласуы мүмкін деп үрейленеді. Одан бөлек Пелосидің сапарына қатысты Қытайдың қарсылығы да Байден назарында.

Өткен аптада америкалық әкімшілік шенеуніктері Палатаның спикерін өзін-өзі басқаратын аралға барудан бас тартуына «жұмыс істеді». Қорғаныс министрі Ллойд Остин де сәрсенбіде Пелосимен сапардың өзіне ғана емес саяси қауіпті екенін түсіндіру үшін сөйлескенін айтты.

Ал Пелоси өзінің сапары туралы хабарлаған жоқ. «Мен ешқашан өзімнің қызметтік іс-сапарым туралы хабарламаймын. Өйткені мен үшін бұл қауіпті», – деді ол.

Алайда АҚШ президенттігіне үміткерлер қатарында үшінші орында тұрған Пелосидің Тайваньға сапары туралы «ресми емес» ақпарат Пекиннің агрессиясын туғызды. Өйткені Қытай әр шетелдік шенеуніктің Тайваньға баруын дипломатиялық қарым-қатынас орнату әрекеті деп қабылдайды.

– АҚШ өз ұстанымынан бас тартпаса Қытай әскері қолдан келген барлық әрекетке барады. Өйткені Қытай Тайваньді тәуелсіз етпек ниеттегі сепаратистерге қолдау көрсеткісі келетін барлық мемлекетке қарсы тұрады. Өйт­кені бізге аумақтық тұтастық пен елдің егемендігі маңызды, – деді Қытай қарулы күштерінің ресми өкілі Тан Кефей.

АҚШ шенеуніктері Қытай Пелоси сапарының маңыз­дылығын түсінбей қалуы мүмкін деді. Олардың айтуынша, Қытай Пелосидің сапарын «ресми қызметтік іс-сапармен» шатастыруы мүмкін. Өйткені Пелоси да, Байден де демократтар.

Америкалық шенеуніктердің Пелосидің визитіне қатысты алаңдаушылық білдіруіне де себеп бар. Өйткені бұл Қытай Коммунистік партиясының алдағы съезі өтетін шиеленіс кезінде болмақ. Съезд барысында Си Цзиньпин Бейжің басшылығына күш көрсету үшін қысым жасау арқылы бұрын-соңды болмаған үшінші мерзімге сайланады деп күтілуде. Қытайлық партия шенеуніктері алдағы аптада бұл конференцияны жоспарлауға кіріседі деген болжам бар.

Жақында Қытай соңғы екі жылдағы ең нашар экономи­калық көрсеткішін жариялап, Си Цзиньпин маңызды съезд алдында өзін «ыңғайсыз» жағдайға қалдырды.

Байден мен Си бір-бірінің компаниясында көп кез­десті. Өйткені олардың әрқайсысы өз елінің вице-президенті қызметін атқарған тұста Қытай мен Америка Құрама Штаттарын аралаған еді. Алайда олар қазір президент ретінде әлі бетпе-бет кездесе алмай келеді. Себебі Қытай президенті коронавирус пандемиясы тұсында кездесулерден бас тартуда.

Байден соңғы рет Си Цзиньпинмен наурызда сөйлесіп, Ресейдің Украинаға қарсы соғыс саясатын қолдамауына ықпал еткісі келген еді. Батыс елдері бірауыздан қарсы келіп, Ресейге санкция салғаны және Украинаға көмектесуі Қытайдың жоспарын білуге көмектеседі деп болжайды америкалық шенеуніктер. Себебі Қытайдың Ресейге қарсы келуі немесе қолдауы алдағы Тайваньмен қарым-қатынасын анықтап береді дейді АҚШ әкімшілігіндегілер.

Америка басшылығы Қытайдың Тайвань үстінде ұшуға тыйым салынған аймақ жасауға әрекеттенуі сапарға кедергі жасауы мүмкін деп алаңдайды. Себебі бұл аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтуі мүмкін. Міне, осылайша АҚШ Пелосидің сапары онсыз да суып кеткен еларалық қарым-қатынасты одан сайын қиындатады, тіпті қақтығыс орнауы мүмкін деп алаңдайды.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: