Бейсенбі, 09 мамыр, 10:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ер адам автоматпен 22 тұрғынды атып өлтірген

26.10.2023

575 0

АҚШ-та Мэн штатының Льюистон қаласында екі рет жаппай атыс болып, соның салдарынан 22 адам қаза тапты. Бұл туралы  CNN арнасына хабарлайды. 

Атыс Recreation, Mollison way боулингінде және Линкольн көшесіндегі Schemengees bar & grille мейрамханасында болған. Соның кесірінен 60-қа жуық адам жарақат алған. Күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Тергеу аяқталғанша барлық бизнес өкілдеріне уақытша жабылуға кеңес береміз», — деді Андроскоггин округінің шериф кеңсесі.

Күдіктінің мылтық ұстаған фотосы жарияланған. Ол 40 жастағы Роберт Кард екені анықталды. 

Льюистонға жақын Оберн қаласының билігі де тұрғындарға атыс жағдайына байланысты үйден көп шықпауға кеңес береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: