Жұма, 03 мамыр, 05:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ересектерге арналған балабақша ашылды

22.08.2023

326 0

Шотландияда ересектерге арналған балабақша ашылды. Мұнда күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, өзін қайтадан бала сезінгісі келетіндер келе алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұнда ерлер мен әйелдер дәл балабақшадағыдай күні бойы конструкторларды құрастырып, қолөнер жасайды, ертегілер тыңдайды. Одан бөлек құмда ойнап, жаңа адамдармен таныса алады.

Бұл балабақшаның негізі мақсаты үлкендер бір күнге өз мәселелерін ұмытып, қайтадан уайымсыз балалықты сезінуге мүмкіндік беру.

Айта кетейік, мекемені толыққанды балабақша деп атауға болмайды. Бұл ересек болудан шаршағандар үшін интерактивті ойын алаңы. Солейл есімді ұйымдастырушы 16 жастан асқан адамдарды күніне сегіз-он фунтқа балабақшада уақыт өткізуге қабылдайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: