Бейсенбі, 09 мамыр, 09:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Газа секторындағы ауруханаға бомба тасталды

17.10.2023

427 0

Фото: ТАСС

Палестинаның денсаулық сақтау министрлігі Израиль армиясы Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан Әл-Ахли ауруханасына бомба тастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Палестина дереккөздерінің хабарлауынша, 500-ге жуық адам мерт болған. Израиль әскерилері мұны Палестинаның «Исламдық жиһад» тобы жасады дейді.

Желіде ауруханадағы жараланған адамдардың фотолары тарады. 

Әл-Ахли ауруханасы Иерусалим мен Таяу Шығыстағы епископтық шіркеудің қамқорлығында.

Британдық-палестиналық хирург, профессор Гассан Абу Сит әуе соққысы болған кезде ол ауруханада ота жасаған. Маман аурухананың бір бөлігі өртеніп кеткенін айтады.

Израиль қорғаныс армиясы Газадан ұшырылған зымырандардың радиолокациялық траекториясын бейнелейтін схеманы жариялады. Әл-Ахли ауруханасы схемаға сәйкес траекторияның астында орналасқан.

Израильдің премьер-министрінің кеңесшісі Марк Регев ракеталардың 33%-ы мақсатқа жетпейтінін және Газаға қонатынын мәлімдеді.

Түркия мен Ливанда Израиль мен АҚШ елшіліктерінің жанында мыңдаған ереуілдер өтті. Анкарада полиция наразылық білдірушілерді су атқыштармен, Бейрутта көзден жас ағызатын газбен таратты.

Тунисте наразылық білдірушілер Франция мен Ұлыбритания елшіліктеріне жиналып, «Францияға өлім!» және “Ұлыбританияға өлім!» деп айқайлады. Тунисте АҚШ елшілігі соғыс басталған кезде жабылды.

Сейсенбі күні Газа секторындағы Әл-Магази босқындар лагеріндегі мектепке де әуе шабуылы жасалған, бұл кем дегенде алты адамның өмірін қиды, ондаған адам жарақат алды.

«Осы БАПОР мектебін кем дегенде 4000 адам паналаған еді. Олардың басқа баратын жері жоқ», – деп хабарлайды ұйым.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: