Бейсенбі, 09 мамыр, 18:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін өлтірілген Махса Амини туралы жазған журналистер бас бостандығынан айырылды

23.10.2023

479 0

Фото: rus.err.ee

Иран соты Махса Аминидің өлімі туралы арнайы ақпарат жариялағаны үшін екі журналист – Элахе Мохаммади мен Нилуфар Хамедиді жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы  Euronews басылымы хабарлайды. 

Олар «АҚШ үкіметімен ынтымақтастық жасады» деп айыпталды. Сот үкіміне 20 күн ішінде шағымдануға болады.

Мамыр айында Біріккен Ұлттар Ұйымы журналистерге «Баспасөз бостандығы үшін» жетекші сыйлығын берген еді. 

Фото: euronews.com 

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын хиджаб киюге қатысты ұлттық ережелерді сақтамағаны үшін моральдық полиция қызметкерлері Махса Аминиді соққыға жығып, артынша қыз қаза болған еді. Иран үкіметі мен мемлекеттік мекемелер Махса Аминидің қазасына жүрек талмасы себеп болғанын хабарлаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: