Дүйсенбі, 20 мамыр, 08:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Көрші елден хабар: Ташкент әуежайындағы жарылыс

02.10.2023

275 0

Ташкент әуежайындағы кедендік қоймада алапат жарылыс болды. Gazeta.uz басылымының хабарлауынша, жарылыс салдарынан көпқабатты үйлердің терезесі мен есіктері қираған.

Жарылыстан зардап шеккендер бар. Бұл оқиға орнына жедел жәр­дем көлігі де көптеп келген. Жарылыстан кейін тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жүрді.

Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, төтен­ше жағдай 28 қыркүйекте сағат 2:43-те болған. Жарылыс дауысы бірнеше шақырымға дейін естілген. От жа­лыны өзге аудандардан да көрініп тұр.

Әуежайға 16 өрт сөндіру-құтқару бригадасы жіберіліпті. Сондай-ақ ведомство өкілдері ұшақ құлағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Uzbekistan Airports компаниясы жарылыстың әуежай жұмысына ке­дергі келтірмегенін хабарлады.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: