Бейсенбі, 09 мамыр, 22:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Оқушы сыныптастарын атып тастаған

03.04.2024

1237 0

Сурет:Н.Нұржаубай

Мектепте атыс болды, салдарынан бір оқушы қаза тауып, екеуі ауруханаға түсті. Қайғылы оқиға Финляндия астанасы Хельсинкидің солтүстігінде орналасқан Вантаа қаласындағы мектепте орын алған. Зардап шеккендердің бәрінің жасы 12-де. Бұл туралы bbc.com хабарлайды.

Атыс шығарған оқушысы 12 жаста, ол қамауға алынды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы 9-да Виертола мектебінде болған. Полицейлер жергілікті тұрғындарға үйден шықпауды ескертті.

Мектепте 800 оқушы білім алады және 90-нан аса ұстаз бен қызметкер бар. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған аймақтан екі жедел жәрдем каретасы сирена қосып, ауруханаға бағыт алған.

Виертола мектебінде бастауыш және орта мектеп жасындағы (7-ден 15-ке дейін) балалар білім алады. Финляндиядағы білім мекемелері Пасхаға орай ұзақ демалыстан кейін өз қызметіне енді кіріскен.

Ванта – Финляндияның үлкендігі жағынан төртінші қаласы, онда 240 000 мың адам тұрады.

Финляндияда 2007 және 2008 жылдары мектептерде екі атыс жағдайы тіркеліп, бірнеше адам қайтыс болған. Сол жағдайлардан кейін елде қару туралы заңы күшейген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: