Жексенбі, 28 сәуiр, 01:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Путиннің қайтыс болғаны рас па?

30.10.2023

1261 0

Telegram-арналарында Ресей президенті Владимир Путиннің «қайтыс болғаны» туралы хабарламалар тарады. Кремль бұл ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Риа Новости

«Путин қайтыс болды, оның орнында оған ұқсайтын адам отыр, ел төңкеріс жасау алдында тұр» деген қауесет – «абсурд ақпарат», – деді президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Песков бір аптада президенттің денсаулығына қатысты ақпаратты екінші рет жоққа шығаруға мәжбүр болды. 24 қазанда ол Путиннің жүрегі тоқтап қалды деген қауесеттің жалған екенін айтты. 

«Ешқандай егізі жоқ, оның жағдайы жақсы, бұл жай кезекті жалған ақпарат», – деді Песков. 

Оның айтуынша, мұндай ақпарат Кремльдегілердің күлкісін келтіреді. 

Биыл сәуірде Песков Путиннің денсаулығына қатысты тағы бір ақпаратты жоққа шығарып, Ресей президентінің «мега-белсенді» және оның «энергиясына қызығуға болатынын» айтқан еді.

«Әрине, ол ешқашан бункерлерде отырмаған. Бұл да өтірік», – деді Песков. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: