Жұма, 29 наурыз, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қайта өршіген дерт

09.01.2021

1026 0

Қытайда коронавирус індеті қайта өршіді. Апта басында ҚХР билігі солтүстік өңірдегі Шицзячжуан қала­сын­дағы 11 млн тұрғынды оқшаулады. Себебі шаһарда коронавирус індетінің 100 дерегі тіркелген. Аталған оқиға туралы «BBC» арнасы жұма күні арнайы хабар дайындап, жағдайдың мән-жайын анықтауға қадам жасады.

«Қала оқшауланғаннан кейін 5000-ға жуық тест құралы мен 100-ден астам дәрігерлер жеткізілді. Қытай үкіметі қай жерде вирус белгісі байқалса, сол жерде қатаң шаралар қабылдап, халықтың түгелге дерлік тест тапсыруын қадағалайды. Мәселен, бейсенбіде Хэбэй аймағында коронавирус дерегі тіркелгенде азаматтарды бақылауда ұстап, адамдарды тұрғылықты мекенінен шығармауға күш салған.

Қазіргі таңда қалаішілік қатынас жолынан өзге көлік қозғалысы тежелді. Биліктің жағдайға аса мән бергені соншама, қаладағы пошта қызметін бірнеше күнге тоқтатқан. Жол ережесін қадағалайтын полицейлерге қорғаныс костюмін киіп, қауіпсіздікті сақтау жүктелген. Тіпті «China Daily» мемлекеттік газетінде ережені сақтамаған бірнеше құқық қорғау органы қызметкерін жазалау туралы ақпарат таратты. Елдегі денсаулық сақтау басшысы У Хао басылымға берген мәліметінде: «Аймақтарда азаматтар тұрақты ем қабылдап, оқшаулау талабын орындап, жағдайды дәрігерлерге хабарлап отыруы қажет. Бұл дерттің асқынуына жол бермейді» деген.

Сонымен қатар хабар барысында Қытайдың ахуалды толық қолға алуға мүмкіндігі сараланған: «Бұған дейін қараша айында Циндао қаласындағы 9 млн халық бес күнде толық тесттен өткен. Дәл сол айда Қашқар билігі (Шыңжаң аймағы)  4,7 млн тұрғынды аз уақытта тексеріп үлгерген».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: