Бейсенбі, 02 мамыр, 18:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Құтқаруды тездететін адам күші керек. Түркиядағы екі қазақстандық іздестірілуде

09.02.2023

616 0

Түркияда хабарсыз кеткен қазақстандықтар Мирус Құрмашев пен Әділ Қадырбековты құтқару қайта жанданды. Үйінділерді қазу үшін арнайы кран жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев Instagram желісінде айтты.

Бұған дейін Мағжан Мәдиев Мирус Құрмашев пен Әділ Қадырбековтың локациясы табылғанын, олардың үйінді астында жатбуы әбден мүмкін екенін жазған еді.

«Үйінді астында тірі адамдар жатса да, қазба жұмыстары баяу жүріп жатыр. Техника, кран керек, құтқаруды тездететін адам күші керек. Мұнда әрбір минут маңызды», – деп жазды М. Мәдиев өзінің Telegram парақшасында.

Мағжан Мәдиев жоғалғандарды іздеу үшін Хатай өңіріне өзі барған.

Кеше олармен бірге болған Сабина Мамадьярова мен олардың түрік досы Кубилай Кескин табылған еді. Сабинаның қолы сынған және ауруханаға жеткізілді.

Ресми дерекке сәйкес, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, 62 914 адам жарақат алды. Халықты орналастыру үшін 70 818 шатыр тігілген.

Қазақстан құтқарушыларының екінші тобы Газиантеп қаласына жеткізілді.

Бұл ұшақ қайтар жолда Қазақстан мен Қырғызстанның 64 азаматын эвакуациялады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: