Бейсенбі, 02 мамыр, 08:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сеул Солтүстік Корея шабуылдайды деп Ёнпхен аралының тұрғындарын эвакуациялауда

05.01.2024

451 0

Сурет: stan.kz

Оңтүстік Корея КХДР (Солтүстік Корея) тарапынан арандатушылық болуы мүмкін деген болжаммен Сары теңіздегі Ёнпхёндо аралындағы тұрғындарды эвакуациялауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сай Йонпхёндо аралдарының шағын тобын басқаратын Инчхонның Ёнпхён ауданының әкімшілігі тұрғындарға екі рет эвакуациялау туралы хабар берген. Билік мұны әскерилердің өтініші бойынша жасады деген ақпарат бар.

«Біз әскерилерден Солтүстік Кореяның арандатуына байланысты жағдай туралы хабарлама алдық. Сондықтан эвакуациялау туралы хабарланды», – деді жергілікті әкімшілік өкілі.

Бұл хабарламадан аймақта әскери операциялар болуы мүмкін екендігі анықталды.

Ал ашық мәліметтер бойынша, 5 қаңтарда халқы шамамен 2,1 мың адамды құрайтын арал аймағында Оңтүстік Корея теңіз жаяу әскерінің жаттығулары басталуы жоспарланған.

Енпхёндо бұған дейін қақтығыстың объектісіне айналған. 2010 жылдың қарашасында Солтүстік Корея артиллериясы аралға оқ жаудырып, екі теңіз жаяу әскері мен екі бейбіт тұрғынды өлтіріп, оннан астам сарбаз бен бірнеше жергілікті тұрғындарды жаралаған. Бұл соққы аралға айтарлықтай зиян келтірді.

Солтүстік Кореяның мәліметінше, кейін бұған Оңтүстік Корея жауап ретінде бір сарбаздарын өлтіріп, екеуін жаралаған. 

Еске салсақ, бұған дейін Ким Чен Ынның әскерилерге соғысқа дайындықты тездетуді бұйырғанын хабарлаған едік. Ол әскери, оқ-дәрі өнеркәсібі және ядролық қару секторына «АҚШ-тың бұрын-соңды болмаған қарама-қайшылық әрекеттеріне» қарсы тұру үшін соғысқа дайындықты тездетуді бұйырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: