Сейсенбі, 30 сәуiр, 22:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Солтүстік Кореяның соғыс бастағаны рас па?

07.01.2024

535 0

Сурет: mezgil.kz

Солтүстік пен Оңтүстік Корей арасындағы ахуал кешелі-бері ушықты. Ёнпхёндо және Пэннёндо аралдарының аумағы атыс алаңына айналды. Бұл туралы mezgil.kz хабарлайды.

«Yonhap» агенттігі: «Солтүстік Корей (КХДР) Бас штабы Оңтүстік Корейдің биыл өткізген оқу-жаттығуларына жауап ретінде артиллериялық зымырандар атқан», – деп хабарлады.

АТЫСТЫ СОЛТҮСТІК КОРЕЙ БАСТАДЫ

БАҚ-та жария болған ақпараттарға шолу жасасақ: Солтүстік Корей әскерилері 47 зеңбіректен 192 оқ атқан. Солтүстік Корей: «Теңіздегі жауынгерлік атыс бағыты Оңтүстік Корейге тиесілі Ёнпхёндо және Пэннёндо аралдарына жанама әсер етпейді. Сеулдің айыптаулары мен аралдардан жұртты шұғыл эвакуациялауы – қоғамдық пікірді жаңылыстыруға бағытталған, мүлдем ойдан шығарылған мәлімдеме», – деп атады.

«Егер біздің дұшпандарымыз «жауап» деп аталатын сылтаумен арандатушылық әрекеттер жасаса, біздің армиямыз батыл әрекет етудің теңдессіз деңгейін көрсетеді және этностық (ортақ) тиістілік және туыстық ұғымы біздің қабылдауымыздан адаланады», – деп хабарлады КХДР Бас штабы.

СОҒЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Ал «The Chosun Ilbo» газеті Оңтүстік Корей әскерилері Сары теңіздегі аралдарда жауап ретінде оқу-жаттығу жасап, 400 зымыран атқанын жазды. Бұл Пхеньянның шекара сызығының солтүстігіндегі акваторияны ату кезінде пайдаланған зымырандардан екі есе көп.

Әскери дереккөздің хабарлауынша, Оңтүстік Корей тарабы Сеулде нақты теңіз шекарасы деп саналатын солтүстік шекара сызығының оңтүстігіндегі акваторияда шартты мақсаттарға соққы берген. Оңтүстік Корей телеарналары бұған қатысты: «Соғысқа дайындық мәреге жетті», – деп хабарлады.

«Yonhap» агенттігі Корей Республикасы Қарулы Күштері Штабтар бастықтары комитетіне сілтеме жасай отырып: «Оңтүстік Корея қарулы күштері КХДР тарапынан Ёнпхёндо және Пэннёндо аралдарына жақын акваторияны атуға жауап ретінде оқу-жаттығу атыстарын өткізді», – деп хабарлады.

ОҢТҮСТІК КОРЕЙДІҢ ЖАУАБЫ

Оған Ёнпхёндо және Пэннёндо аралдарында орналасқан теңіз жаяу әскерлерінің бөлімшелері қатысқан. Оңтүстік Корей жағы акваторияны оқ астына алып, оқу-жаттығуға K9 дейтін өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды қолданған.  

«Yonhap»: «Солтүстік-батыс аралдарында орналасқан Оңтүстік Корей теңіз жаяу әскері 2018 жылғы 19 қыркүйекте «әскери шиеленісті төмендету» туралы қос Корей арасында жасалған келісімнен бері алғаш рет теңізде шартты мақсаттар бойынша оқу-жаттығу өткізді», – дейді.

Жоғарыда аталған келісім бойынша артиллериялық оқ атуға тыйым салынған теңіз буферлік аймақтары белгіленген. Сеул барлау спутнигін ұшыруға жауап ретінде оны ішінара сақтауды тоқтатқан. Кейін Пхеньян 2023 жылы бұл келісімді орындаудан бас тартты.

СОЛТҮСТІК КОРЕЙДІҢ ӘРЕКЕТІ

Корея Республикасы ҚК Штабтар бастықтары комитеті жұма күні КХДР жағалау артиллериясы жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-11:00 аралығында Ёнпхёндо және Пэннёндо аралдарына қарай 200-ден астам снаряд атқанын атап өтті. Бұл атыс кезінде Оңтүстік Корейдің бірде-бір азаматы мен әскери қызметшілері зардап шеккендер жоқ.

Онан соң Оңтүстік Корей Сары теңіздегі Ёнпхёндо аралында 2000-нан аса адамды шұғыл эвакуациялауды бастап кетті. Оңтүстік Корей мұны «КХДР тарапынан жасалған арандатушылық» және «Солтүстік Корей соғыс ашып, басып кіруі мүмкін», – деп түсіндірді.

Солтүстік Корей көшбасшысы Ким Чен Ын Корей түбегіндегі «әскери жағдай шексіз деңгейге жеткенін», сондықтан «әскерге соғысқа дайындықты жеделдету қажет екенін», – мәлімдеді.

Корейдің Орталық телеграф агенттігі Солтүстік Корей көшбасшысы Ким Чен Ын 2024 жылға арналған жоспарларға қатысты бірқатар тапсырмалар бергенін жазды. Атап айтқанда, Ким Чен Ын  Халық армиясының, әскери өнеркәсіптің, ядролық қару-жарақ және азаматтық қорғаныс секторының алдына соғысқа дайындықты жеделдету жөнінде жауынгерлік міндеттер қойды.

«Корей түбегіндегі қиын саяси және әскери ахуалды терең талдау оның АҚШ пен оның вассалдық күштерінің КХДР-ға қарсы теңдессіз іс-қимылының өзінің ең соңғы шегіне жеткенін көрсетті», – делінген хабарламада.

Ким Чен Ын сондай-ақ Корейдің Еңбек партиясы «империализмге қарсы тәуелсіз елдермен стратегиялық ынтымақтастық қатынастарын» кеңейтіп, дамытатынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың көктемінде АҚШ президенті Жо Байден КХДР-дың АҚШ-қа немесе оның одақтастарына ядролық шабуыл жасауының салдары туралы ескерткен болатын. Тамыз айында Ким Чен Ын КХДР армиясының шабуылға қарсы дайындығын жариялады. Қыркүйектің басында Солтүстік Корей ядролық қаруы бар жаңа су асты қайығын суға түсірді. Сол айда Солтүстік Корей көшбасшысы Ресейге президент Владимир Путинмен кездесуге келді.

Ким Чен Ын мен Владимир Путин тактикалық және стратегиялық ынтымақтастықты, Корей түбегіндегі жағдайды және ЕО-дағы жағдайды талқылаған. Желтоқсан айының ортасында Ким Чен Ын жақында ғана баллистикалық зымыранның ұшырылуы АҚШ-қа «дұрыс шешім қабылдамаса» деген белгі болғанын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: