Жұма, 29 наурыз, 17:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Украинаға Беларусь аймағынан шабуыл жасалды

30.07.2022

736 0

28 шілдеде Украинаның солтүстік-шығысына Беларусь аумағынан шабуыл жасалды, – деп хабарлады Украина Бас штабы. Украина Қарулы Күштері Бас штабының таңғы есебінде Украинаның солтүстігіндегі түнгі қарулы соққылар туралы айтылды. Әскерилер Ресей әуе және зымырандық соққы беруді жалғастырып жатқанын, оның ішінде Беларусь Республикасы аумағынан да оқ атылып жатқанын атап өтті. Бұл туралы ВВС арнасында «Беларусь аумағынан Украинаның солтүстік-шығыс облыстарына оқ атылды» атты мақала жариялады.

Бас штабтың хабарлауынша, 28 шілде күні таңертең Беларусь жерінен Чернигов және Киев облыстарына 20-дан астам зымыран ұшырылған, олардың бір бөлігін Украинаның әуе қорғанысы күштері атып түсірген. Тоғыз зымыран Гончаров аумағына тиді. Бас штабтың қысқаша мәліметі жарияланған кезде зардап шеккендер туралы ақпарат болған жоқ.

«2022 жылғы 28 шілдеде сағат 5:20-дан 6:30-ға дейін ақпарат көздерінің дерегі бойынша Беларусь аумағынан 20-дан астам зымыран ұшырылғаны туралы ақпарат келді. Әзірге орманға құлаған Чернигов облысының Гончаров аумағына 9 зымыран тигені белгілі. Біздің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі де бірнешесін нысанаға жеткізбеді», – деп хабарлады «Север» жедел қолбасшылығы Facebook-те.

Ресей әскерлерінің Беларусь бойынша қозғалысын бақылап жүрген белсенділер зымырандар Гомель маңындағы Зябровка әскери аэродромынан ұшқанын хабарлаған.

«Таң. Тағы да зымырандық шабуыл. Біз берілмейміз. Біз бас тартпаймыз. Біз қорықпаймыз. Украина – тәуелсіз, еркін, бөлінбейтін мемлекет. Әрқашан солай болады», – деп жазды Украина прези­денті Владимир Зеленский өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында.

Жергілікті тұрғындар Беларусь шекарасына жақын елді мекендерде кешеден бері атылған оқ дауысынан естігендерін айтуда. Чернигов басшысы Вячеслав Чаус дабыл қаққан таңнан бері аймаққа 10-нан астам зымыран келіп түскенін айтты.

«Таңғы 5-тен соң Беларусь аймағынан ұшып кел­ген зымыран даусы көп естілді. Алдын ала ақ­парат бойынша Гончаров аймағында жарылыс болған. Дегенмен біздің әуе қорғаныс күштеріміз өз жұмысын атқаруда. Ал адам шығыны әзірге белгісіз», – деп жазды басшы өз Телеграм каналында.

Бейсенбі күні болған жарылыстан терезе әйнек­терінің дірілдегенін жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде жазуда. Адамдар терезелері бар бөлмелерден дәлізге қашқан. Мүмкіндік болса жертөлеге түскен. Қаладағы көпқабатты үйлердегі жертөлелер жиі құлыптаулы болғандықтан оқ пен жарылыстан қорғанатын аймақ тапшы.

«Мен дабылдық ескертуден емес, жарылыстан ояндым. Біздің әуе қорғанысының жұмыс істеп тұрғаны да естілді. Кейін дабыл қағылып, мен көшеге шықтым», – дейді Галина есімді қала тұрғыны.

Чернигов тұрғындары әлеуметтік желіде 28 шіл­де­де елде аталып өтетін «Украина тәуелсіздігі күнімен Ресей осылай құттықтағанға ұқсайды» деп жарыса жазуда.

Сондай-ақ 28 шілдеде Вышгородский ауданына бес зымыран ұшырылып, тағы екеуі әуе қорғанысы арқылы атып түсірілген. Киев басшысы Алексей Кулеба өз телеграм арнасында жарылыстан 5 адам жарақаттанғанын хабарлады.

Киев облысы полициясының басшысы Андрей Небитов те инфрақұрылым нысанына оқ жауды­рылғаны және бұл әуе шабуылы екенін айтты. Кейін Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Киев облысының әскери бөліміне алты зымыран ұшып келгенін хабарлады.

«Таңғы сағат 5-те жау Киев облысының Лютиж кентіндегі әскери бөлімге алты қанатты «Калибр» зымырандарымен шабуыл жасады. Қазіргі уақытта бір ғимарат қирап, екі ғимаратқа зақым келгені туралы ақпарат бар», – деді. Украина Қарулы Күштері Бас штабы жедел басқармасы басшының орынбасары Алексей Громов.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: