Сәрсенбі, 01 мамыр, 02:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жантүршігерлік жол апатынан 16 адам қаза тауып, 36-сы жарақат алды

23.08.2023

379 0

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық Мексикадағы Куакнопалан-Оахака тас жолында 22 тамызда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, тағы 36 адам жарақат алды, деп хабарлайды CNN.

Жергілікті тұрғындар мен мигранттарды алып бара жатқан автобус Оахака мен Пуэбла штаттары арасындағы шекараға жақын тас жолда тіркеме жүк көлігімен соқтығысқан, делінген Оахака прокуратурасының мәлімдемесінде.

Апаттан кем дегенде сегіз ер адам мен сегіз әйел мерт болды, олардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған бала бар. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Пуэбла штатының ауруханаларына жеткізілді.

Апаттың себебі әлі белгісіз. Прокурорлар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптамалық тергеу жүргізетінін айтты.

Оахака губернаторы Саломон Хара Крус әлеуметтік желіде (Twitter) тиісті органдарға «зардап шеккендерге ынтымақтастық және қолдау көрсетуді» тапсырғанын жазды.

«Біз қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға барынша қолдау көрсетеміз», – деп жазды ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: